11.07.2017 « Төртқұлақ » ою – өрнегі.
№2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті
бөлімінде «Кітаби жаздың сиқыры – Волшебство книжного лето» - атты, жазғы оқу
бағдарлама бойынша «Төртқұлақ» ою-өрнегі, қолөнер сабағы өткізілді. Мақсатымыз
оқушыларға ою – өрнекті қиюды, оюды, сызуды, қайшыны ұстай білуге, түрлі-түсті қағаздарды
қию, қиып алып желімдеу, қағаздан жасалған заттарды әсемдеп бояу секілді
тапсырмаларды орындауға үйрету.
Ою-өрнек өнері қазақ халқында
ертеден-ақ барлық түріне арқау болып, ғасырлар
бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып
келеді. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына
айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие болып келеді. Оқушылар
тек ою техникасын ғана меңгермей, осы өнерге қатысты қолөнер саласында ұмыт болған
сөздермен де танысты.
Комментариев нет:
Отправить комментарий