04.01.2017 Қош келдің , бірінші оқырман!

Халқымыздың қилы тархымен,
салт –дәстүрі мен өрелі өнері, білім- ғылымымен
осы кітап арқылы таныса аласыздар. Жансыз болса да, бетін ашсаң адамнан
бетер сайрап тұрған құдіретті зат – кітаппен
балаларды достастыру мақсатымен
жылдағы дәстүр бойынша , қаңтардың алғашқы күндерінде №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының
балалар әдебиеті бөлімі алғашқы оқырманын қабылдады. Бұл мерекеге сай кітапхана іші безендіріліп, кітапханашылар ертегілер әлеміне бүлдіршіндерді саяхатқа шақырды.
Оқырмандар алуан түрлі кітаптармен және кітап кейіпкерлерімен танысып, қазақ аңызының
кейіпкері Алдар Көсенің қойған сұрақтарына
жауап берді.
2017 жылдың «Бірінші оқырманы» деген атаққа Родина орта мектебінің даярлық
сынып оқушысы Тұрақ Нұрперзент ие болды.
Кішкентай Нұрперзент поэзияға жақын.
Анасының баулуымен өлеңді мәнерлеп оқығанда алдына жан салмайды. Қазақтың бас ақыны
Абай атамыз «Адам адамнан ойы арқылы озады», - деген екен. Ендеше құрметті оқушылар,
ата- аналар ойымызды дамытып, рухани сауатты боламын десеңіздер кітапханаға асығыңыздар.
04.01.2017 Добро пож, 1-читатель»
В 2017 году первым читателем стал ученик Родинской средней школы 0 «Б» класса Турақ Нурперзент. Кроме
поздравлений и памятного подарка от библиотеки Нурперзенту досталось и участие в индивидуальной
интеллектуальной игре «Знаешь ли ты?», а
потом пришлось посостязаться с читателями в рисовании и разукрашивании. Теперь
в этом году Нурперзент имеет возможность
читать новые журналы дома, становиться
главным участником мероприятий, пользоваться Интернетом раз в месяц бесплатно
и, конечно, обслуживаться вне очереди
Комментариев нет:
Отправить комментарий