20.09.2019 ж.
«Спорт – денсаулық кепілі»
Осы іс-шарадан оқырмандар көп мағлұматтар
алды. СПИД туралы насихат суреттер, есірткі және маскүнемдік туралы
мультфильмдер көрсетілді. Ойын ойналды. Қатысқан оқушыларға ЖҚТБ Республиклық
орталығының мамандары дайындаған мәліметтері бар буклеттер таратылды.
Денсаулық күніне орай «Спорт-денсаулық кепілі» атты іс – шарамен басталып, оқырмандар
арасында эстафеталық жарысқа ұласты. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты
мақсаты дені сау болу, білімді, денсаулығы зор ұрпақ өсіру, жан – жақты білім
арқылы денсаулықты сақтауға үйрету. Кез келген әрбір бала физикалық, рухани,
әлеуметтік тұрғыдан денсаулығы мықты болу және салауатты өмір салтына
тәрбиелеу.
Денсаулығымыз мықты болу үшін ауырмай тұрып алдын алу, спортпен
шұғылдану, тазалықты сақтау керек. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият
болуы – оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.
Соңынан жеңген
оқушыларға мақтау қағазын тапсырдық және қатысқан барша оқырмандарымызға тәттілер таратылды. 58 оқырман қатысты. Кітап
көрмесіне 23 кітап қойылды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий