Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

Түрлі-түсті матадан құрақ құрау

Түрлі-түсті матадан құрақ құрау
                 Үйірме «Шебер қолдар – Умелые ручки»

Түрі: шеберлік сабағы

Мақсаты: оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен мағлұмат 
                      беру және оның тігілу жолдарын үйрету, оларды үнемділікке,
                      икемділікке, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке
                      баулу. 

Құралдар: дәптер, қалам, ине, жіп, қайшы, мата қиындылары, қатты
                       қағаз, үлгілер.     

Кітапханашы: балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз « Түрлі-түсті матадан құрақ құрау.
-         Құрақ құрау дегеніміз не?
-         Құрақ құрау – ол әр түрлі қиынды маталарды бір-бірімен құрастыру арқылы жасалған құрақ жастығымыз немесе көрпемізді айтамыз.
Құрақ құрау ертеден келе жатқан қол өнерінің бір түрі. Екі түрлі қиынды матаны бір-бірімен қиылыстырса құрақ болып шығады. Бұрынғы әжелеріміз күнделікті үй тіршілігінде өзіндік орны бар, пайдалануына қарай,шәй құюшыға арналған шағын көрпеше, қонаққа салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін жасауын, яғни құрақ көрпе, көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің де терең мән-мағынасы бар. Ертеде әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты: «Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін деген тілекпен жасаған.
         Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
-         Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
-         Екіншіден, әдемілікке, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
Құрақтың мынадай түрлері бар:
-         Аққу, сегізжапырақ, шахмат, гүлқұрақ, тырнақтар, оюлы, ши құрақ.
Шеберлік сабағымызды бастамас бұрын қайшы, ине, үтікпен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
1.Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы.
2. Тігу үшін қажетті заттарды дайындау.
3. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
4. Жаңа сабақты пысықтау.
 Оқушылардың алдарындағы артық заттарын столдың шетіне қойғызып, жұмыс орнын дайындап, құралдарын тексеріп, қауіпсіздік ережесін
 ескере отырып, балалар жұмыстарына кірісті. Жұмыс барысында балалар
берілген нұсқаға қарап « гүл», «аққу» құрағын жасады.
Шеберлік сабағымызды бекіту мақсатында қойылған сұрақтар:
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақты апа-әжелеріміз не себепті құраған?
3. Құрақтың түрлері қандай?
4. Құрақтан қандай бұйымдар тігуге болады? ( көрпе, жастық тіс, дастархан,
                                                             қазан ұстағыш, сәндік сөмке.)
Жарайсыңдар, балалар бүгінгі сабағымызды мына өлең жолдарымен аяқтаймыз.
                        Қолөнер, құрақ құрау, ою-өрнек,
                        Атты баптап, айыл тұрман, қамшы өрмек.
                        Салт-дәстүрі ешкімге ұқсамаған,
                        Қазақта ғой байлаған жіпті күрмеп.
                        Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті.
                        Қандай шебер қазақ қыздары,
                        Құрақты, оюларды дөңгелеткен. 
 Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Байдар К. Түрлі-түсті матадан құрақ құрау. [Мәтін]: іс-шара / К. Байдар. // Бейнелеу өнері және сызу. – 2009. №3. – Б. 14-15

2. Туршекова М. Құрақ құрау технологиясы. [Мәтін] : іс-шара М. Туршекова. // Мектептегі өнер. – 2013. №3. – Б. 24-25




             








                      Құрастырған: Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы
                                                      Сейтқожина Г.К.








Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия