«Бисерден бұйымдар жасау»
Үйірме «Шебер қолдар
– Умелые ручки»
Түрі : шебер сабағы
Мақсаты : оқушыларды бисердің шығу тарихымен таныстыру,
бисермен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып жүйелеу. Өз бетінше ұқыпты жұмыс
істеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардын қолөнерге деген
қызығушылықтарын арттыру, қыз балаларды ептілікке, талғампаздыққа, әдемілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдары : бисер , арнайы
қайшы, леска , инелер , оймақ , дайын бұйымдар.
Кітапханашы : Балалар! Бисер – ортасында кішкентай тесігі бар шариктер. Түріне қарай бисерлер қарапайым бисер , стеклярус , рубка , жай шарик бисер . Богем бисерлері болып бөлінеді . Құрамына қарай олар шыныдан және металдан жасалынады. Өңделуіне орай тұтас боялған немесе шандатылған куңгірт , не құбылмалы түсті болады. Материалына қарай пластмасса , шыны , керамика , тас , металл түрінде болады . Ерте кездерден бастап , бисер мен моншақтар тарихы әлемнің барлық елдерімен тығыз байланысты болған. Моншақтар төлем ретінде , бойтұмар түрінде , киімдерді , шашты сәндеуге , жоғары қауым өкілін білдіретін белгі ретінде қолданылған.

айналды. Көркем кестеленген киімдер,
сөмкелер, бас киімдер венециялық бисермен айшықталған. Бірінші рет бисерленген
көйлектер ІХ – ХІІ ғасырларда әшекейлеген деген болжам бар. Бүгінгі сабақ
барысында сіздер сәндік қолөнер туындыларымен дайын бұйымдар арқылы танысып, өз
қолдарыңызбен әсем бұйымдар жасау тәсілдерін үйренетін боласыздар. Қарапайым
киімді, бұйымдарды сәндеуден өзге, бисерді тоқу әдісімен көркем қолөнер туындысын
жасап шығаруға болады. Тарихи деректерге сүйенсек, бисер 6 мыңдай жыл бұрын
шыны пайда болған кезден бастап, шыға бастады деуге болады. Қазіргі кезде
немесе соңғы жылдары бисерлерді әшекей бұйымдар жасау үшін жиі қолданып келеді.
Алқа білезік, белдік сырға, бойтұмар жасау сәнге айналды. Сонымен бірге
бисерден декоративті заттар жасау кеңтараған: құмыра, қол сөмке, гүлдер
түймелер т.б. Сирек те болса, панно, картиналар жасау дамып келеді. Енді шебер
сабаққа байланысты сұрақтар қою:
1 / Бсер туралы не білдіңдер?
2 / Бисердің отаны қай жер?
3 / Бүгінгі күнде құрбыларыңның бисерді қолдану деңгейі қандай ?
Ұқыпты, мәдениетті жұмыс істеуге дағдылан. Қайшымен және иемен жұмыс
істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақта. Өз жұмыс орныңды таза,
ұқыпты ұста. Қолыңды сабындап жу.
Осымен шебер сабақ аяқталды. Қош,
сау болыңыздар!
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1 / Ақашева Г.Б. Бисерден бұйымдар
жасау[Мәтін]: іс –шара /Г.Б.Ақашева //Бейнелеу өнері және сызу. – 2012 . - № 6
. – Б .2 – 3
Құрастырған :
Ермағанбетова М. Ә.
Арқалық қаласы – 2015
жыл.
Комментариев нет:
Отправить комментарий