13.09.2017 Отбасы – тіршіліктің тірегі

Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілерсің. Аталған іс-шарамызға
Ш.Уалиханов атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «Б» сынып оқушылары
келіп қатысып, отбасы туралы айтылған қазақтың мақал-мәтелдерін талқылап, слайд
арқылы ойындар ойнатылды. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған
аналармыз жайында Қоныс Аян мен Қоныс Баянның орындауында «Әке, ана мен сендерді меккеге апарамын»
және Жүсіпбаева Ақботаның «Қазақ жастары» әндері шырқалып, көрермендерге жақсы
көңіл – күй сыйлады. Осы іс-шарамызға
белсене қатысқан тұрақты оқырмандарымыз отбасындағы тәрбиенің маңызы зор екенің ұғынып,
ата-ананы сыйлап ,үлкенге-құрмет, кішіге –ізет ету туралы тәлім-тәрбие алды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий