3.01.2018. Қош келдің, бірінші оқырман!

Бұл мерекеге орай кітапхана іші безендіріліп, кітапханашылар ертегілер
әлеміне бүлдіршіндерді саяхатқа шақырды. Оқырмандар алуан түрлі кітаптармен
және кітап кейіпкерлерімен танысып, қазақтың «Алтын сақа»,«Ұр тоқпақ», «Тазша
бала» ертегілерінен қойылған сұрақтарына жауап берді.
2018
жылдың «Бірінші оқырманы» деген
атаққа № 4 орта мектебінің даярлық сынып оқушысы Исабеков Сұлтанбек ие болды.
Анасының тәрбиесімен кітап оқуға деген
құлшынысы өте жоғары. Олай болса, біз
кішкентай бүлдіршіндерімізді үнемі компьютер мен ұялы телефонда отырмай, оларды
да өз мөлшері мен уақытында ғана қолдануға үйретейік. Тіл мәдениетін, сөйлеу
мәдениетін жақсы білгіміз келсе «кітап
оқиық» дегіміз келеді. Кітапты көбірек оқуға шақырамыз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий