Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

«Ұлттық қуыршақ» Үйірме: «Шебер қолдар – Умелые ручки»

                      «Ұлттық қуыршақ»
                       Үйірме: «Шебер қолдар – Умелые ручки»                                 
Түрі: шебер сабағы
Мақсаты: балаларға күнделікті тұрмыста өзімізге қажетті , заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару. Ою - өрнек түрлерін тиімді пайдалануға үйрету. Халқымыздың қолөнерін жандандыру, жаңа дизайн талабына сай бұйымдардын еңбек объектісі ретінде пайдалануға үйрету. Оқушының ой - өрісінің дамуына ықпал жасау, эстетиқалық талғамдары мен шеберлік ынта қабылетін дамыту.                                                                                                  
Көрнекілігі: үлгілер, мата түрлері, кітап сөресі                                                 
Құрал – жабдықтар: ине, жіп, қайшы, мата, жүн                                                                                   
Кітапханашы: Балалар! Қазақ халқының қолөнерінің арнасы өте кең, түрі сан алуан. Соның ішінде ою - өрнек тер – халық өнерінің үлкен бір саласы.  Дәстүрлі қазақ өнерінің ерекшелігін айтқанда қазақ өмірінде ежелден дамыған ою - өрнек ерекше эстетиқалық сезімді үнсіз жеткізетіндей. Ою - өрнек өнері – қазақ халқының өмір тіршілігінде айырықша орын алып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан өнер. Халқымыздың тұрмыс – тіршілігінің қай саласы болмасын ою - өрнек кездеседі. Ою - өрнектегі белгілі бір халыққа тән негізгі стилдік ерекшеліктері халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолданбалы өнері тікелей сабақтасып жатады. Барлық көшпелі халықтардың ою - өрнек мотивтерінде графиқалық бейне, рәмізді белгілер түрінде, табиғи күштерге табыну уақытынан сақталған күн, су, найзағай сияқты бейнелер орын алады.Халқымыз өмірден көрген – түйген ойларын әдемі шеберлік шешіммен ұштастыра білген. Мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық  дәстүрімізді қайта жандандыру, уақыт талабына сай жетілдіру, ұлттық қолөнерді балаларға үйрету.
Енді, балалар, қуыршақты тігу мәнісімен таныстырамын. Ен алдымен қуыршақ тігу үшін жұқа басылған киізді немесе қалың шұға матаны (жүн мата) пайдаланамыз. Олар: сары, қызыл, жасыл.
Дайын үлгілер бойынша қуыршақ бөліктерін матаға сызып, қиып аламыз. Бас бөлігі ақ  түсті матадан пішіледі. Ою - өрнектіүлгі бойынша пішілген бөліктерге түсіреміз. Қуыршақ киімін де әр түрлі етіп сән үлгілерін таңдауға болады. Бөліктерді кестелеген соң, оларды біріктіреміз.                                       
 Сабақ арасында ойын – сауыққа көшейік, осы такырып бойынша жұмбақ шешейік. Тұрмысқа қажетті бұйымдар:
                 
                     1 /  Шылбырын сүйрейді, Жыртықты түйрейді. (Ине)
                     2 /  Гүлдері бар құлпырған,
                            Кең жазықтан аумайды.
                            Оған әркім ұмтылған,
                             Киім киер оңтайлы. (Мата)
                     3 /    Қос таяқ. Бастары дөңгелек.
                    4 / Тұтасты
                          Кеседі ббөп – бөлек.  (Қайшы)
                    5 / Тұтқасыз тобатай,
                         Ұнатар көп апай. (Оймақ)
                   6 /  Інді көп – ақ қазады,
                         Өзі шыға қашады. (Біз)
                   7 /  Бір тышқанда екі құйрық. (Ине жіп)
                                        
Осымен шебер сабағымыз аяқталды. Үлгірмесеңдер ұлттық қуыршақты үйде жасап әкелуге болады. Инемен жұмыс істегенде оймақты пайдалан. Сабақ біткен соң орныңды мұқият жинауды ұмытпа.
                                    Қош, сау болыңыздар !  
                                           
                                  Пайдаланылған әдебиеттер:               
           1/  Ысқабаев Ә. 777 жұмбақ [Мәтін]: іс – шара /Ә. Ысқабаев. – Алматы: «Ана тілі» басп. ЖШС. – 2002 . – Б .136
              2/  Биболова Б.З. Ұлттық қуыршақ дайындау[Мәтін]: іс – шара /Б.З: Биболова // Бейнелеу өнері және сызу. – 2010 . - № 6. – Б. 8 – 9
                   


                              Құрастырған : Ермағанбетова М.Ә.





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия