Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

«Отқа оранған балалық»

«Отқа оранған балалық»
(5-9 сынып оқушыларына арналған естелік сағат)

Мақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты халықтың фашизмге қарсы күресіндегі жас батырлар ерлігінің шежіре беттерін тағы да парақтап, дәріптеу.
Көрнекілігі:
1.     Кітап көрмесі
2.     Дәйексөздер
3.     Бейнетаспа
4.     Көрме стенд

1 - жүргізуші: 70 жыл! Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына, міне 70 жыл толып отыр. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ, ол көп күш пен құрбандықты керек етті.
         «Ұлы Отан соғысы» атты киноэпопеяда адам жаны түршігерлік мынадай эпизод бар: Қоршаудағы Ленинградтан балалар тиелген катер жайлап жағадан алыстан бастайды. Жағада балаларын мінгізіп салып тұрған аналар. Бір мезетте фашист басқыншыларының самолеттері ұшып шығып жаңағы катерлерді бомбамен төпелей бастады. Жаңа ғана балаларымен құшақтасып, қоштасқан аналар, су бетінде жүзіп – жүрген балалардың қалпақтарын ғана көргенде қандай күйде болды десеңізші, жап – жаңа ғана тірі балапандар суға батып, бомба тиіп қырылып жатуы ешкімді тебірентпей тура алмас еді. Неміс – фашист басқыншыларынан қорлық – зорлық көрген, бүкіл қала, деревня бір мезетте жер бетінен жермен – жексен болғанын көрген адамдардың қиналыс – күйзелістерін, қайғы – қасыретін ешқандай сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
         Дегенмен, балалар тек соғыс құрбаны болып қойған жоқ, соғыс жылдары жауынгер болып, армия қатарында соғысты.
         Біз бүгін естелік сағатымызды Ұлы Отан соғысында біздің еркіндігіміз бен бақытымыз үшін соғысып, қаза болған жас батырларға арнаймыз.

1-    оқушы:  
Жас достарым, батырларым
Жас боп мәңгі қалады.
Қас батырын, жас батырын ұмытпай,
Алғыспенен халқы есіне алады
Ыза мен кек бойымызды кернейді
Еске алғанда есіл кеткен ерлерді
Ұл мен қыздар – кішкентай қаһармандар
Жанын қиды, елін, жерін заұлым жауға бермеді.
2 - жүргізуші:
Неміс – фашист басқыншыларымен қиян – кескі ұрыстарда көрсеткен айрықша ерліктері мен батырлықтары үшін (балалар кезекпен атарын атайды, суретті көрсетеді)

-         Володя Дубинин
-         Алеша Чекалин
-         Леня Голиков
-         Валя Котик
-         Зина Портнова

Хормен оқушылар: Совет Одағының Батыры атақтары берілді.
1 - жүргізуші:
«Айрықша ерлігі мен батырлығы үшін!»- Қандай мәртебелі де, биік сөз! Олар дегенің әлі кәмелетке  де жетпеген жап жас балалар емес пе еді? Әйтсе де олар өздерін де асқақ биіктен көрсетіп, Батырлардың «Алтын жұлдызының»,  ордендер мен медальдардың иегерлері атанды. Сондықтан, құрметті оқырмандар, біздің азаттығымыз бен бақытты өміріміз  үшін қаза тапқан жас батырлард
«1 минут үнсіздікпен еске алайық»
2 - жүргізуші:
Соғысқа дейін бұл балаларда, өздеріңдей балалар – ұлдар мен қыздар болатын. Оқып, секіріп – жүгіріп, ойнап үлкендерге өз әлдерінше көмектесіп, тізелерін жаралып, құлап жылап жүретін қарапайым ғана балалар еді. Олардың есімдерін әке-шешесі, туыс-туғандары, көрші – көлем, сыныптастары ғана білетін.
1 - оқушы:
Уақыт жеткенде олар кішкентай ғана балалық жүректі қасиетті Отанына деген махаббат оты мен оның жауына деген өшпенділік өртінің қалай жанатынын көрсетті.
2 - оқушы:
Ұлдар мен қыздар! Олардың нәп – нәзік нықтарына соғыс жылдарының үлкен ауыртпашылығы мен қайғы – қасыреті түсті. Олар оны үлкендер сияқты көтере білді, көтерген сайын қатайып, күшейе түсті.
1 - жүргізуші:
Ия, үлкен соғыстың кішкентай батырлары! Олар көкте де, жер де, теңіз бен батпақта, орман мен тоғайда, қала мен селода, барлық жерде өздерінің әке – ағаларымен, апаларымен майданда иық түйістере шайқасты.
1 - оқушы:
9-12 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар барлық – барлық жерде шайқасты. Теңізде Боря Кулегин сияқты, аспанда – Аркаша Каланин, Брест камалында Валя Зенкина, Москва түбінде Ваня Андрианов, Псков түбінде Ленинградтың Юра Бондаровская, Гроднодан Лида Вашкевич, Севостопольдан Гаврар атанған – Валерий Волков, Брянскіде Володя Казначеев, Николаевтан Шура Кобер мен Витя Хоменко, 6-шы Калинин партизан бригадасының жас мүшесі Лара Михеенко сияқты бала партизандар Белоруссия, Украйна, Россия, Польша т.б. жерлерде аянбай соғысып, ерлік көрсетті.

2 - оқушы: Енді олардың есімін әке – шешесі, туыс – туғаны, көрші көлемдері, дос – жолдастары ғана емес, бүкіл ел, халық Отаны біледі.
 Ән: «Батыр бала Болатбек»  орындайтындар
 Хамзина Аружан, Есжанова Дана

2 - жүргізуші:
 Ия, халқы енді оларды «бала» демейді, «Ұлы Отан Отан соғысының батыры» деп қарайды, ұмытпайды.
Балалар, құрметті қонақтар, біз енді осы Кеңестер Одағының Батыры атанған бір неше жас батырлар туралы айтқымыз келеді.
1 – оқушы:
Соғыс басталған жылдың 1 қыркүйекте 5 - ші сыныпқа баруға тиісті баланың бірі Беларуссиялық Марат Казей болатын. Бірақ ол бара алмады, өйткені Марат тұратын деревняны фашистер басып алып, оның мектебін казармаға айналдырды. Оның мамасын партизандармен байланысы үшін Минскіде дарға асып өлтірді. Оны естіген Мараттың жүрегі ыза мен кекке, өшпенділікке толып, апасы комсомолка Ада Казеймен бірге Станков орманындағы партизандарға барып, барлаушы болды, жау гарнизондарына елеусіз өтіп кетіп, өте бағалы мәліметтер әкеліп жүрді. Сол мәліметтер бойынша партизандар неміс – фашист басқыншыларына күйрете соққы беріп жүрді. Марат тек қана мәлімет жинаған жоқ, тәжірбие жарғыштармен бірге темір жолдарды, көпірлерді жаруға қатысып, үлкен ерліктер көрсетті. Ол ең соңғы гранатасы қалғанда, жауды өзіне өте жақындатып алады да, оларды да өзін де жарып жібереді.
         Ерлігі мен батырлығы үшін оған «Кеңес Одағының батыры» атағы беріліп, Минскіде ескерткіш орнатылды, көптеген пионер отрядтарына оның аты берілді.
2 – оқушы:
         Ал, Ленинградтың жас қызы Зина Портнова соғыс басталғанда Витебск (Украина) облысындағы Оболь станциясы маңындағы Зуя деревнясында жазғы каникулда жүрген болатын. Сол Оболь станциясында жасырын «Жас кекшілдер» ұйымы ұйымдастырылғанын естілген Зина соған мүше болады, сөйтеп жауға қарсы неше түрлі – барлау, үндеу тарату, диверсиялық актілерге қатысады.
         1943 жылы желтоқсан айында бір сатқынның көрсетумен Зина гестопаның қолына түседі, олар оны қаншама қинаса да, ол партизандар туралы, өз ұйымы туралы ешқандай мәлімет бермейді. Бір тергеу кезінде гестапонның бұрылған кезін аңдып отырып, оның пистолетін алады да оны атып өлтіреді, дауысқа келген офицерді де жайратып салып,  қашып шықпақшы болған Зина қайта қолға түседі. Бұдан кейінгі Зинаның көрген қорлығын бізге айтудың өзі қорқынышты. Ол хайуандықпен өлтірілді, оған Отан алдыңдағы ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
«Ақ көгершін» орындайтын Искиндеров Есенгелді.
1 - жүргізуші:
         Балалар, тағы да осылар сияқты батыр балалар – Валентин Котик, Леонид Голиков, Борис Цариков т. б. Туралы сағаттап, тәуліктеп айта беруге болады, ал біздің уақытымыз санаулы. Сондықтан біз іс – шара соңынан олар туралы қандай кітап оқуға болатыны туралы айтамыз. Қазір, мен сіздерді серпілту үшін сіздермен викторина өткізсем деп отырмын.

Викторина:

-         «Өмір гүлі» (Цветок жизни) атты ескрткіш туралы не білесіңдер? Ол қайда және кімдерге арналып орнатылған?
(Бұрынғы – Ленинград, қазіргі – Санкт – Петербургте, қаланың жас    батырлары, балаларға арналған)

-         Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған жас батырларды атаңдар
(Марат Казей, Леня Гомсоков, Валя Котик, Зина Портнова, Борис  Цариков, Алеша Чекалин т.б.)

-    Л. Кассиль мен М. Поляновсийдың  «Кенже ұлдың көшесі» атты кітабы кім туралы?
     Ол қандай батыр – қаламен байланысты? (Володя Дубинин, Қаһарман қала Керчьпен)
-         Иван Сусанин туралы естігендерің бар ма? Оның қандай ерлігі болды,   жас партизаннан кім оның ерлігін қайталаған? (1613 жылы марта И. Сусанин басқыншыларға «Жолбасшы» болам деп алдап, оларды адастырып, суыққа үсітіп өлтірген; оның ерлігін жас партизан Тихон Баран 1944 ж. 22.01. – да қайталаған).
-         Кеңес Одағының Батыры атағын алған бір жас батырдың есімі Қаһарман қала Минскімен байланысты. Ол кім? (Марат Казей)
-         Қандай Қаһарман қалаларда осы қаланы қорғаған жас батырларға арналған ескерткіш орнатылған (Керчь пен Минскіде)
-         Өздерің білетін Қаһарман қалалардың аттарын атап (Москва. С – Петербург, Одесса, Волгоград, Киев, Минск, Севастополь, Керчь, Тула, Новороссийск, Смоленск, Мурманск, Крепость – город Брест)

Жүргізуші:
         Рахмет, балалар! (егер балалар толық жауап бермесе, не тіпті білмесе, жауабын айтып, түсініктеме берілуі тиіс).
         Құрметті жас достар! Біз бүгінгі естелігімізде тек соғыс кезінде майданда ерлік көрсеткендер туралы ғана айттық. Балалар тек майданда ғана емес. «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін» деген дивизбен тылда да ерен ерліктер көрсетті. Ондай жас тыл батырлары сол кездегі Кеңес Одағына кіретін барлық респубикаларынан шықты. Олар майдандағы  солдаттарға киім, тамақ дайындап, жіберіп отырды және елде қалған кәрілер мен бөбектерге көмектесті, қолдарына түскен ақшаларын жинап самолет, танк жасайтын жерлерге жіберді.
         Мысалы: қазіргі Астана, бұрынғы Ақмола қаласының пионерлері жинаған қаражатқа жасалған танк «Ақмола оқушысы» деп аталып, фашистерге күйрете соққы берсе, Қазақстан балаларының жинаған қаржысына жасалған самолетпен «Ұлы Отан соғысының батыры Сергей Луганский фашист танклерін аспаннан бомбалады. Тек қана бір Қазақстаннан 423 мың жас оқушыларымен пионерлер егін даласында, фермаларда үлкендермен бірдей еңбек етіп, Жеңістің келуіне өз үлестерін қосты. Ал, ол кезде Кеңес Одағы 15 республиканы біріктіргенім өздерің білесіңдер. Осыдан – ақ белгілі, жас балалардың Жеңіске қандай қызмет еткені! Байланысшы, барлаушы, санитар, егінші, жұмысшы, музыкант т.б.
жұмыстарын атқарып үлкендерден қалмай, олармен иық түйістіре қатар жүргендермен, оларда әр үйдің ерке балалары болатын. Олардың балалығын зұлым соғыстың зұлматты жылдары ұрлады. Олар біздің көз алдымызда 9 – 12 жас аралығындағы балалар күйінде қалады, олардың есімдері, ерліктері мәңгі жасайды, біз оларға тағзым етеміз.
(«День Победы» әні орындалады)
Пайдаланған әдебиеттер:



1.     Әжіғұлова Ғ. Зоя - мәңгілік халық есінде [Мәтін] : [батыр қыз туралы естелік] / Ғ. Әжіғұлова // Қазақстан орта мектебі.- 2010. - № 1.
      – Б. 69,72.
2.     Бибаева Н. "Ерлік - елдің қасиеті" [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлігін қастерлеуге үйрету, отансүйгіштікке тәрбиелеу] / Н. Бибаева // Алғашқы әскери дайындық.- 2009. - № 3. – Б. 14,20.
3.     Қалиева Айгүл. "Мәңгілік естен кетпес отты жылдар!" [Мәтін] : [оқушыларға патриоттық тәрбие беру] / А. Қалиева // Тәрбие сағаты - Классный час.- 2010. - № 3. – Б. 10-11.









Құрастырғандар:                     Есмағамбетова С.К.
                                                                     Альмағанбетова А.К.




                                                                                                                                                                                                    
          
        


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия