13-17.03.17 «Кітап
аралындағы ғажайып әлем -
Книжный остров в лабиринте города»
Кітап
апталығының жоспары алдын ала белгіленіп, қаламыздағы барлық мектептерге
таратылды. Мереке 13-17 наурыз аралығында өткізілді.
Кітап – алдыңғы ұрпақтың
кейінгі ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті,
құдіретті қару. Әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап - адал пейіл, асыл дос. Кітап – мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен
біліммен ылғи дос боп өтер ем.

«Кітап аралындағы ғажайып
әлем – Книжный остров в лабиринте города» айдарымен № 4 орта
мектепте ашылу салтанаты болды. Кітапхана директоры Борибаева Қазына
Байсабековна оқырмандарды құттықтап, ыстық лебізін білдірсе, білім бөлімінің әдіскері
Уткельбаева Елена Викторовна оқырмандарға сәттілік тілеп апталығымызды ашып
берді.
Кітапхана қызметкерлері Ертегі әлемінен
сыр шертіп халық ертегісі «Қу түлкі»
ертегісінінен сахналық қойылым қойып, ең жас оқырмандарымыз Ақбота балабақшасынын бүлдіршіндері әсем ән
мен би билеп, оқырмандарымыз ән мен жырдан шашу шашты. Балалар мерекелік бағдарламада
ойын ойнап викториналық сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар таратылды.
Апталықтың екінші күні Ы. Алтынсарин атындағы гимназия мен № 4 мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен
«Елдіктің ерен белгісі рәміздер» атты тақырыпта көрініс және музыкалық нөмірлер
қойылды. Аталған іс-шарадан оқырмандар Отанымызды сүюге, Қазақстан
Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге
патриоттық сезімдерін көрсетті.


Балалар әдебиеті бөліміндегі әрбір іс-шаралар
әдебиет шолуымен аяқталады. Өткізілген әрбір іс-шараға көрнекі дайындық
жасалынды: кітап-иллюстрациялы көрмелер, плакаттар, өлеңдер, видероликтердің көріністері.
Балалардың іс-шарадағы көңіл-күйлері жоғары сапада болды, олардың бәрі өз
пікірлерін айту үшін мүмкіншіліктері болды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий