
Биылғы жылдың бірінші оқырманы
болып № 6 Абай Құнанбаев атындағы орта
мектептің 4 сынып оқушысы Асхат Әлинұр тіркелді. Осы аталған мектептің
ұстаздарына алғысымызды білдіреміз.
Бүгінгі таңда оқырман баланың қызығушылығын арттыру мақсатында балабақша – мектеп- кітапхана болып жұмыс
жасалса , оң нәтиже болары сөзсіз. Мектептің 4-сынып оқушылары түгелдей
кітапхана оқырмандары.Сонымен қатар кітапханадағы «Шебер қолдар» үйірмесіне
қатысады. Әлинұр 6 жасынан
бастап кітапхананың тұрақты
оқырмандарының бірі. Ол кітапхананың өсіп-өркендеуін тілейді. Сонымен бірге
кітап туралы мынадай өлең жолдарын ала
келген екен.
Өзіңді оқып
кітабым,
Көп нәрсені
үйрендім.
Көп нәрседен
жирендім,
Өзіңді оқып
кітабым
Білімімді шыңдадым.
Айтқандарың
ақыл тек
Кітап саған
рахмет!
Иә , тек кітап қана қайырымдылықпен адалдықтың , ақиқат пен
жалғандықтың ара жігін танып білуге үйретеді. Оны осы өлең жолдарынан аңғарғандаймыз.
Бүгінде теледидар,ғаламтор
үлкен ролге ие болып отырған
уақытта білім-бұлағы кітапты жас ұрпаққа насихаттау кітапхана жұмысының
негізгі бағыттарының бірі.Өйткені кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор.
Себебі ата-бабаларымыздың
жиған-тергендерінің бәрі осы кітап деген қазыналы сандықта сақталған.
Осы байлықтан құр қалмай , кітап әлеміне
бойлаймын деген әр адамға кітапхана есігі әрқашан ашық. Ұлт ұстазы Ахмет
Байтұрсынов айтқандай даналыққа бастайтын жол
кітап оқудан бастау алады. Олай болса ,
құрметті ата-аналар , оқушылар кітапханаға асығыңыздар!
Комментариев нет:
Отправить комментарий