18.09.2018 "Отбасылық
оқу - ұрпақтардың рухани байланысы"
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Бүгінде ұлттың бәсекеге
қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Ал,
кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді" дейді.Орыс педагогы
В.А.Сухомлинский "Адамгершілігі жағынан, мәдениетті адамдар, саналы
еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген отбасынан шығады"
деуі тегін емес.Өйткені ата-ананың ықпалынсыз әдебиетке жақын, рухани
кемелденген азамат тәрбиелеу қиынға түсері анық.

Елдің елдігін сақтайтын сақтайтын -
әдебиеті, тарихы, жол жорасы десек, қазақтың жан дүниесі , болмыс бітімі ертегі
-жырлар әлемінде жатыр.Қазіргі айтылып жүрген ұлттық код дегеніміз осы
дүниелер.Сондықтан да рухани жаңғыруды өз отбасымыздан бастап, баршаңызды бірге
оқуға шақырамыз.Әжесінің ертегісін , атасының нақыл сөзін. анасының бесік жырын
тыңдап өскен ұрпақ азбайтынын есте сақтайық!
Комментариев нет:
Отправить комментарий