06.03.2018 «Жүректің жылуын
сыйлаймын анама»
8 наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай, облыстық №2
әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде «Жүректің жылуын
сыйлаймын анама» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Бүгінгі
таңда балалар әдебиеті бөлімінде отбасылық оқу дағдыға айналған.
Кітапханамыздың тұрақты оқырмандарымен өткізілген бұл іс-шараның мақсаты аналарды құрметтеп, сыйлай білуді, анаға
деген сезімдерін білдіруге үйрету болды. Балалар тек ән айтып , би билеп қана
қойған жоқ, сондай-ақ отбасымен оқыған кітаптарынан аналарымен және әжелерімен қосылып викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара
соңында балалар келген қонақтарымызға
«Шебер қолдар» үйірмесінде өз қолдарымен жасалған гүлдерін тарту
етті.
Комментариев нет:
Отправить комментарий