Қоржын
тігу
«Шебер қолдар – Умелые ручки»
Түрі: шеберлік сабақ
Мақсаты: оқушыларға
қоржынның түрлері, олардың тігілу ерекшілігі,
қолданылуы
туралы білімдерін кеңейту. Қол еңбегін меңгере
отырып, ұлттық
қолөнерге қызығушылығын арттыру,
қоржынның
түрлерін тігуге үйрету.
Көрнекілігі: дайын тігілген
қоржын түрлері, үлестірмелі материалдар, ине,
жіп, қайшы.
Сабақтың барысы:
Кітапханашы:
Балалар, біз бүгінгі шеберлік сабағымызда қоржынның түрлері мен олардың
қолдану ретін үйренеміз.
Қоржын – ұлттық
бұйым, өрнек салып тоқылған екі басы қалталы ыдыс.
Қоржынның шығу тарихына тоқталатын болсақ, Қазақ халқы көшпелі ел болған.
Жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп, үнемі ат үстінде жүрген. Сол кездерде
көлікпен зат және тамақ алып жүргенге қоржын пайдаланған. Екі басында қалтасы
бар қоржынды аттың екі жағына теңдей ғып бөктеріп, алып жүрген.
Қоржынның қолданылуы:
Атқоржын – бұл салт
атты адамның ұзақ жолға шыққанда немесе мал баққанда азық – түлік салу үшін
қолданылатын қоржын.
Шаруашылық қоржын – бұл
керегенің басына іліп, үйдің ішінде ыдыс – аяқ, азық – түлік салу үшін
қолданылатын қоржын.
Тойқоржын – бұл тойға
арналған, күнделікті пайдаланып жүрген қоржыннан ерекшелеу. Сәндеп, өрнектеп
тігілген қоржын.
Күйеу қоржын, қыз
қоржын, құдағи қоржын, т.б тойға арналған қоржындар бар.
Қоржынның түрлері:
Тоқыма қоржын – жүннен
иіріп, терме етіп тоқылған, тоқылу әдістеріне байланысты түкті, түксіз, алаша
тәрізді тоқылған қоржындар.
Матадан тігілген
қоржындар.
Киізден өрнек салып
тігілген қоржындар.
Қоржындарды әшекейлеу үшін көбінесе өрнек салып және әр түрлі моншақтармен
кестелеп, сақина, түйме қадап сәндеген. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері өте
көп. Матадан тігілетін қоржын түрлеріне сай әшекейленген..
Мысалы:
1. Қызға арнаған қоржынды гүлмен кестелеген, өйткені қазақ халқы қыздарын
гүлге теңеген.
2. Күйеу қоржынға аққудың бейнесін салған. Үйленген жастардың өмірі осы қос
аққудай бірге жұптары жазылмасын деген тілек.
3. Құдағи қоржынды ою-өрнек түрлерімен әшекейлеп сәндеген.
4. Сүндет қоржынды баланы сүндеттегенде, атқа отырғанда қолданған.
« Қашанда тойымыз көп болсын,
қоржынымыз тоқ болсын!» деген мақал сөз осыдан қалған.
Сергіту сәті: ұста, зергер,
ісмер, тігіншінің қимылдарын жасап, мақалдар айтады.
Шебер адамға байланысты айтылған мақалдарды жатқа айту.
Шебердің қолы – ортақ, шешеннің сөзі – ортақ.
Шешеннің тілі, шебердің бізі.
Олаққа ағаш жақпайды.
Ойын « Қазақтың 10 ыдысын атау» - 10 адым
жасау.
Торсық, мес, саба, шелек, көнек, астау, табақ, тостаған, шара, күбі.
Жаңа тақырып бойынша
түсініктерін тексеру.
1. Қоржын неше бөліктен тұрады?
2. Қоржын қандай бұйым?
3. Қоржынның қандай түрлері бар?
4. Қоржынға қандай ою-өрнек салынады?
Жұмыстың орындалу реті.
Қауіпсіздік ережесін еске салу.
Тіккен қоржынды әшекейлеу.
Қоржынға астар тігу
Жұмыс орнымызды жинау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Калуова Ә. Қоржын тігу. [Мәтін]: / Ә. Калуова. // Мектептегі өнер. –
2013. - №5. – Б. 28
2 «Сен білесің бе?» энциклопедиясы [Мәтін] / құраст. : Қ.Ж. Райымбеков,
Қ.Т. Байғабылова. – Алматы : Аруна, 2011. – Б. 700
Құрастырған: Балалар
әдебиеті бөлімінің кітапханашысы
Сейтқожина Г.К.
Комментариев нет:
Отправить комментарий