Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

«Кітаптар қалашығына саяхаттайық»

«Кітаптар   қалашығына саяхаттайық»
№2 облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасы балалар әдебиеті бөлімінің
кітапханашылары жазғы оқу бағдарламасы бойынша
« Путешествие в Читай – город – Кітаптар   қалашығына саяхаттайық »
атты жобамен оқырмандарын кітапханамыздың қорына жаңа келіп түскен кітаптармен таныстыру және жас оқырмандарды кітапханаға шақыру, кітап оқуға баулу, әр түрлі жастағы балаларды кітап оқуға сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында жүзеге асырылды. Осы мақсатта жүргізілген іс –шарамызды жүзеге асыру мақсатында қаламыздағы  М. Әуезов атындағы №4 мектеп оқушыларымен, А. Құнанбаев атындағы№6 орта мектебіне барып оқырмандарымызды «Ертегілер әлемінде» атты кітап көрмесін апарып, кітап қорына келіп түскен жаңа кітаптармен таныстырдық. «Аруна» баспасы «Кел,ертегі тыңдайық» топтамасымен шыққан  «Бауырсақ», «Үш аю», «Үйшік» ертегілерін арнайы түймешелерді басу арқылы тыңдап қызық қуанышқа бөленді. Балаларға арналған ашылмалы кітапша «Кішкентай маймыл», «Әуесқой марғау», «Жоғалған доп» кітаптарымен танысты, әрбір беттегі белгілі бейнелер балалардың жануарлар туралы ойын әдемі суреттейді. Мектеп оқушылары қызықты ертегілермен танысып, оқыған ертегілерін өз сөздерімен айтып, ертегінің жағымды, жағымсыз кейіпкерлеріне мінездеме берді.Балалар бөлімінің кітапханашылары ертегі кейіпкерлерінің театрландырылған киімдерін киіп «Бауырсақ» ертегісінен қойылым көрсетті.
Бұл қызықты қойылымнан кейін балалардың ән мен биден жарысына ұласты.Балалар қызықты викториналық сұрақтарға екі командаға бөлініп жарыса жауап берді. Іс-шарамызға белсене қатысқан жас оқырмандарымызды  Мақтау қағаздарымен, сыйлықтарымызбен марапаттадық.
Осы жобадан кейін оқырмандардың саны көбейе түсті. 22 оқушы оқырман болып жазылды.

 

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия