Мерекенің үшінші күні «Қостанайым, Торғайым – егіз өлкем» атты поэзия кешін №6 мектеппен бірлесіп ұйымдастырдық, Қостанай мен Торғай өлкесіндегі ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп
оқудан сайысқа түсті. Бұл сайыстың мақсаты оқушыларды ұлтжандылыққа, туған
жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар
беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету. Балғын жастарға туған өлке тарихын
зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектестік. Үсті-адами рухани құндылыққа
толы қасиетті, киелі өлке туралы білгендерін ортаға салды.
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастырдық.
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастырдық.
Мәнерлеп оқудан жақсы өнер көрсеткен балалар №6 мектептен Хамитова
Маржан 6 сынып оқушысы Ахмет Байтұрсыновтың «Ер Сайын»
өлеңін; Ғафу Қайырбековтің өлеңі «Одағым десем, ойыма»
орындаған 6 сынып оқушысы Өмірсерік Шыңғысхан; Нағашыбай Мұқатов «Өз үйіме»
6 сынып
оқушысы Дәулет Дәурен; Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі оқыған Конкулов
Жасұлан.
№1 мектептен 9 сыныптан Сатбай Айзат, Балғабай Айдана «Арқалығым». №2 мектептен 9 сынып оқушылары «Аркалык» авторы В.Грунин оқығандар Золотаренко Н, Завгородняя М. және №4
мектептен 7 сынып оқушылары Баймырза Сұлтан «Амангелді
туралы» авторы Сүлймен Садуақасұлы; Марат Таңшолпан «Көне
Торғай келбеті» авторы Серік Тұрғынбеков. т.б.
Комментариев нет:
Отправить комментарий