Қазақ даналығының сиқырлы сандығы.
Волшебный сундучок казахской
мудрости
Мақсаты: Кітап
апталық мерекесі балаларды кітапханаға тарту, қызықтыру, кітап оқуға құмарлығын,
кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын,
ой өрісі дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру. Апталықтың әрбір күні
белгілі бір тақырыпқа арналған.
Көрнекілігі:
1. Кітап
көрмесі
2. Хандар
3. Нөкер
4. Шал
5. Немере
6. Ақын
7. Дөңгелек стол
8. Көрпелер
9. Шарлар
10. Шаңырақ
Жүргізуші: Қайырлы
күн! Қымбатты қонақтар!
оқушылар, кітап суйер
қауым!
Біз сіздерді жыл сайынғы
дәстүр бойынша өтетін балалар кітап апталығында кездескенімізге қуаныштымыз!
Кітап – заманымыздың өмірі,
кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап дүниетанымды
кеңейтіп рухани жан дүниені оятады.
Бүгін мейрам, бізге үлкен
мереке
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете
Әрі ақылшың – рухани қазынаң
Құнды байлық баға жетпес бұл
өте Ведущий: Здравствуйте, дорогие ребята!
Здарвствуйте, дорогие наши
читатели!
Мы рады видеть здесь всех, кто
любит читать и кто любит книги. По старой доброй традиции в марте проходит
Неделя детской и юношеской книги.
Сегодня праздник у всех книжек, а значит, праздник в доме, где книжки живут.
Да, конечно это библиотека. И
праздник наш, конечно, же, у библиотеки и у тех, кто там работает.
Жүргізуші: № 2 ОҒӘК директоры: Нұрманова Алма Жақсылықовнаға құттықтау сөз.
Жүргізуші: Мектеп кітапханаларының әдіскері Өткелбаева
Елена Викторовнаға құттықтау сөз беріледі.
1 - жүргізуші: Кітап – менің жолшырағым, серігім.
Кітапхана – кітаптардың ордасы,
Білсең
кітап – нағыз жолбасшы,
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп
айтқандай Нұрсұлтандай Елбасшы
2 - жүргізуші: «В книгах – своя глубина.
Кто доберется до дна,
Тот и получит в награду
Все драгоценные клады».
1 - жүргізуші: Кітап – білім мол мұрамыз,
Биіктерге
бастайтын,
Білімді
жас біз боламыз,
Қиындықтан қашпайтын.
2 - жүргізуші: Пусть эта
Книжкина неделя
Продлилась
только до апреля,
Но Вы,
читающий народ,
Қойылым: Аталардың айтылған
аманаты...
Күй орындалып тұрады. Атасы мен
немересі сахнаға шығады.
Немересі: Ата не ойлап
отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойлаушы еді? Сенің болашағыңды
ойлап отырмын, тәуелсіз елімнің болашағын ойлаймын, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, өткен
өмір деген не?
Атасы: Балам өткен өмір деген сонау ежелгі
ата-бабаларымыздың басынан кешкен өмір тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай
болған?
Атасы: Болмаса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілерден тарих
хатын.
Мақсатым кейінгі ұрпақ
ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Жүр, балам, өткен тарихтан
саған бір сыр шертейін.
Шығып кетеді.
Жәнібек ханмен Керей ханды қарсы
алайық!
Хан: Кітап –
нәзік те, тұнық әлем! Кітап – білімінің түпсіз аспаны, терең бастауы! Ұлтымыздың
мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда
келтіретін осынау рухани қазына қорын қалай қастерлейтінімен өлшенетін тұста
мұндай шараның өткізілуі ізгілікті қадам . Осынау игілікті шарамыз сіздердің
әрбіреулерініздің көңілдеріңізді көріктендіріп , жүректерінізге нұр құйсын!
Ендеше, «Балалар кітап апталығы» мерекесін ашық деп бұйрамын!
Нөкер: Бұйрық!
Бастайыншы сөзімді «бисмилла» деп,
Ассаламағалейкум , жиылған лек!
Еліміз кітап күнін тойлап жатыр,
Ұрандап «Оқитын ел – озық ел!» деп
Мен бұрын бұндай тойды көрмеп едім.
Бұл деген – көкекке биік өрлегенің.
Оқуға ел ниетін бұрып жатса,
Алынар небір асу, бел дегенің.
Оқығанның қашанда алды жарық.
Сондықтан бүгінгі іс – келелі іс,
Ізгілікті іс қашанда берер ырыс.
Кітап күні тойланып жылдан жылға,
Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.
Кен, қазынаң кітап қой нәр беретін,
Жайнатып өміріңе сән беретін.
Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,
Халайық, дәл кітапқа тең келетін.
Кітап-сәуле , нұр берер шырағыңыз,
Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.
Кітап – білім қаруың болса , анық-
50 елдің алдына шығарыңыз.
Шарамыз игілігін ала келсін,
Ұлтыма білім , байлық , сана берсін.
Рухымыз асқақ боп әрқашанда
Балалардың бақыты жана берсін!
Халайық бүгінгі той құтты болсын!
Басталған бұл қадамы мықты болсын!
Халқымыз оқитын елге айналып,
Жастарымыз білімді елге айналсын.
Жастарымыз білімді елге айналсын.
Жаңа әлемде жаңа елдің жастарындай,
Асқақ болып рухы нұр жайнасын!
Халайық , тойларыңыз тойға ұлассын!
Уа
халайық , Ұлы мәртебелі ханның бұйрығымен «Керуен ертегімізді» әрі қарай тамашалауға
№2 Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының балалар бөліміне шақырамыз! Керуен
көшімізде өткізілетін іс-шаралармен таныс болыңыздар!
Балаларға
арналған кітап апталығын өткізу жоспарын Нөкер хабарлайды.
Күй:
Хан: Мы – мудрые
старцы и ораторы выполняли в прошлом роль историков, литераторов ,
законодателей. Весь запас наших знаний облекался в поэтическую форму
ораторства. Но сегодня есть книга. В книгах заключено особое очарование: книги
вызывают в нас наслаждение , они разговаривают с нами, дают нам добрый совет,
они становятся живыми друзьями для нас.
Читая в первый раз хорошую книгу , мы испытываем то же
чувство , как при обретении нового друга. Вновь прочитать уже прочитанную книгу
– значит вновь увидеть старого друга.
Люди перестают мыслить , когда перестают читать.
Мои юнные друзья , хочу сказать сегодня, что книги – голоса
далеких и усопших; они делают вас наследниками духовной жизни минувших веков.
Книга – ваша советчица , красноречивая и добрая подруга.
Ақын: қазақ: «
Ырыс ауысады , білім жұғысады», - дейді. Расында да білім біреуден біреуге
жұғысады. Осыны білетін халық: «Білмегенін сұрағанның айыбы жоқ , сұрамасаң білмейсің»
- дейді. Сенің білмегеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досыңда кітап. Адамнан
сұрауға арланып , айыбың ашылатындай ұялып ,тартыншақтап, бет бұрмайтын нәрсеңді
кітаптан қымсынбай ,қаймықпай , именбай еркін барып сұрап аласың. Кітап –
қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқы шашпайды. Саған әр
уақытта үндемей көмек көрсетуге әзір. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа
жүреді, міндет қылмайды, ақы сұрамайды. Бірақ сен де кітапқа опалы бол. Оны
сүй! Оның айтқан ақылын ұғып, көкейіңе құйып ал...
Кітап – көп ақылдың құйылған көлі! Ол көпке таралғанда ғана
көптің бойына сіңіп, игілігіне жұмсалғанда ғана мүддесіне жетеді. Кітап – ортақ
мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.
Той бастайық халайық,
Үміт отын жағайық.
Кітап күнін ұлықтап,
Хан: Ал, нөкерім балалар кітап апталығы тойын қазақтың ұлттық ойындарымен
бастайық!
Арқан тартыс
Қол күрес
Сақина салу
Асық ойнау
Қазақша күрес
Жүргізуші: Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің
еріңдер
Білгеніңді
тексеріп,
Ойынға қатысып
көріңдер.
Бәйгеге түсіп
жарыспай,
Жүйріктің бағы
жанар ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге –
ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға
саларда.
Қазақтың
ұлттық ойындарына қатысушылар шығады.
Ведущий:
Что любит книжка?
Обложку.
— Да.
Грязные
руки. — Нет.
Закладку. — Да.
Дождик
и снег. — Нет.
Бережное
отношение. — Да.
Ласку. -
Да.
Яичницу.
- Нет.
Чистые
руки. - Да.
Валяться
на полу. — Нет.
Драться.
— Нет.
Жить на
книжной полке. — Да.
Любознательных
читателей. — Да.
Комментариев нет:
Отправить комментарий