«Киіз үйдің сыртқы көрінісін бейнелеу »
Үйірме «Шебер қолдар – Умелые
ручки»
Мақсаты:балаларға киіз үй туралы түсінік
беру, киіз үйдің түрлерімен,
құрылымымен
таныстыру, киіз үйдің сыртқы көрінісін бейнелеуге
үйрету, ұлттық қолөнер
туындыларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: сурет сабағы
Көрнекіліктері: киіз үйдің макеті, плакаттар, сурет дәптері, қарындаш,
өшіргіш, жазба дәптері.
Кітапханашы: балалар, сабағымызды бастамас бұрын слайдқа көңіл
аударалық. Слайдтан киіз үйдің суреті мен макетін көрсету.
Киіз үй – қазақтың тұрағы,
құтты мекені, баспанасы ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнердің басын
құрайтын өнер туындысы.
Киіз үйдің қазақ даласында
пайда бола бастауының өзіне 3000 уақыт өтті. Оның «киіз үй» аталу себебі сырты
киізден, ішіндегі бүкіл тұрмыстық бұйымдардың барлығы да киізден жасалған. Киіз
үй аптап ыстық шілдеде сая, ызғырық суықта баспана. Дөңгелек киіз үйдің
ішіндегі ауа тез алмасып, тазарып отырады. Киіз үй шеңберлене құрастырылатын
бірнеше керегеден, оның үстінен күмбез еңсесін құрайтын уық пен шаңырақтан
тұрады.
Киіз үйдің желдеткіш
«терезелері» бар. Ол көлеңке жақтан түрілетін ірге, күннің жылуына қарай ашылып
отыратын – түндік.
Түндік күннің суығында мұржа
қызметін атқарады.
Киіз үйдің түрлері:
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деген екі түрі бар.
Қазақы үй – дөңгелек,
толық күмбезді.
Қалмақы үй – төбесі
шошақтау келген.
Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Қара үй – 3 қанатты.
2. Қоңыр үй – 4 қанатты.
3. Боз үй – 5 қанатты.
4. Ақ орда – 6 қанатты.
5. Ақ ала орда – 8 қанатты.
6. Алтын үзік – 12 қанатты.
7. Алтын орда – 18 қанатты.
Киіз үйдің құрылымы:
1. Киіз үй сүйектері ( ағаштан тұратын бөліктері)
2. Киіздері (ши де осыған кіреді)
3. Бау-құрлар (баулар мен басқұр, арқандар)
4. Киіз үйдің қаңқасы:
Киіз үйдің қаңқасы шаңырақ, кереге, уық, сықырлауықтан тұрады.
Шаңырақ – киіз үйдің
ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтарының ұштарын
біріктіріп ұстап тұрады.
Кереге – киіз үйдің
негізгі қаңқасын құрайтын сүйегі. Киіз үйдің осы аталуы керегеге байланысты.
Уық – кереге мен
шаңырақты ұстастырып тұратын ағаш.
Есік (сықырлауық) –
киіз үйдің есігі.
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне,
биіктігі уықтың ұзындығына байланысты. Киіз үйдің есігі екеу болады.
Ішкі есік – сықырлауық. Ағаш есік арнайы ағаштардан жасалады.
Киіз есік – киізден жасалады, сықырлауықтың сыртынан жылуды сақтап тұру
үшін жабылады. Күн ыстық, ашық күндері киіз есік шиыршықталып, жиналып,
маңдайшаға байланады. Жай күндері оның бір жағы бақан арқылы ашық тұрады.
Сондай-ақ киіз үйдің бір бөлшегі – кәдімгі ши. Ши сыртынан құрт-құмырсқа,
жәндіктерді кіргізбей тұратын үлкен қызмет атқарады.
Киіз үйдің салыну
кезеңдері:
Құралдарымызды пайдалана отырып, қағаздың
дәл ортасын тауып, ұзындық, биіктік өлшемдерін белгілеп алып киіз үйдің сыртқы
көрінісін саламыз. Артық сызықтарды өшіріп, салған суретімізді түрлі бояу
қарындаштармен бояймыз.
Сергіту сәті
«Кім шапшаң?» ертегіден үзінді оқылады. Шарты ертегінің атын табу және
жалғастырып айту. «Ұр, тоқпақ!», «Алтын сақа» ертегілері оқылып, балалар
ертегінің атын тауып, ертегіні жалғастырып айтты.
«Кім ойшыл?». Кез келген ертегіден үзінді айтылады. Сол ертегі
кейіпкерлерін ретімен айту керек.
1. Орманда бауырсақ түлкіге кездеседі.
Жауабы: Бауырсақ, кемпір, шал, қоян, қасқыр, түлкі.
2. Мысық тауыққа барады.
Жауабы: Мақта, қыз, мысық, сиыр, қыздар, дүкенші,
тауық, тышқан.
Қорытынды сұрақтар:
Киіз үй деген не?
Киіз үйдің түрлерін ата.
Киіз үйдің құрылымы?
Киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайтын сүйегі қалай аталады?
Қазақы үй қандай болады?
Шаңырақты жауып тұратын киіз қалай аталады?
Киіз үйдің ішіне сырттан құрт-құмырсқа, жәндіктерді кіргізбейтін бөлігі
қалай аталады?
Балалар, бүгінгі сабағымызды аяқтай келе сендерге тапсырма. Келесі сабаққа
киіз үйдің ішіндегі жиһаздары, төсеніштері жайында мәліметтер жазып келеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аминова Г. Киіз үйдің сыртқы көрінісін бейнелеу [Мәтін]: іс-шара
Г. Аминова // Бейнелеу өнері. – 2013. - №5. – Б. 5-6.
Құрастырған: Балалар
әдебиеті бөлімінің кітапханашысы
Сейтқожина Г.К.
Комментариев нет:
Отправить комментарий