12.04.2017 «Менің құқығым –
менің қорғауым»
№2 Облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде
«Менің құқығым
– менің қорғауым» азаматтық сабақ болып өтті. Қазіргі
уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,
ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп,
патриоттық тәрбие береді.
Әрбір
адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.
Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,
олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда
өмір сүреді: отбасында, жұмыста,
мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:
мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама
адам дүниеге келуде.
Көптеген
адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен
байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әдеттілік , теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға
негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне
ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам
құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға
арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз
бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті.
Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті»
Комментариев нет:
Отправить комментарий