Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

«Сейт қазынасы-тәрбиенің алтын кілті»


15.03. 2019                       «Сейт қазынасы-тәрбиенің алтын кілті»


Төртінші  күні  таңертен сағ: 10:00 де № 6 мектепте мектеп кітапханашыларының уйымдастырумен  жерлесіміз,жазушы, этногроф, сатирик  Сейт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Сейт қазынасы-тәрбиенің алтын кілті» атты тақырыпта жұлдызды ойын болды. Салт-дәстүрлерінен  көрініс және слайдтар көрсетілді.  
Мақсатымыз С. Кенжеахметов шығармалары қазақы тәрбиенің алтын көзі екендігін түсіндіру, қазақ мәдениеті мен этнографиясын кейінгі жас ұрпақтарға таныту және кеңінен  уағыздау.
Сатирик  С. Кенжеахметұлы әр шығармаларында өмірдің көлеңке жақтарының бәріне де үңілген, келеңсіз жайдың бәрін әжуалаған. Әсіресе, бала тәрбиесіне, жастар тағылымына көп мән берген, керенау мінездерді мінейді, жат қылықтарды сынайды. С.Кенжеахметұлы «Жеті қазынасы» арқылы бүгінгі келешек ұрпаққа тау сілеміндей мол мұра қалдырды, тәрбиенің таусылмас қазынасын жасап берді.                                                                                                              
 Тілінің тікені, күлкісінің уыты бар белгілі сықақшы ақын Сейт Кенжеахметовтың өмір жолдарымен және жағымпаздарды, екіжүзділерді, жалақор- парақорларды, елге-жұртқа, табиғатқа жаны ашымайтын енжар, қомағай бастықтарды аяусыз сын найзасымен түйрейді.                             Ойынға қатынасушыларға осы тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды. Дұрыс шешілген сұраққа, балаларға сыйлық үлестірілді.





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия