13.03.2018 Балалар
кітап апталығы
«Кітап
– рухани жаңғыру құралы»

Кітап апталығының жоспары
алдын ала белгіленіп, қаламыздағы барлық мектептерге таратылды. Мереке 13-17 наурыз аралығында өткізілді.
Жылдағы дәстүр бойынша №2 Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының
Балалар әдебиеті бөлімімен мектеп кітапхаларының ұйымдастыруымен аталып өтетін
балалар кітап апталығы биылда жалғасын тапты. Осыған орай әр күн сайын бірнеше
іс-шара ұйымдастырдық.
«Рухани жаңғыру» аясында қала мектептерімен бірлесіп «Кітап – рухани жаңғыру құралы» айдарымен Ш. Уәлиханов атындағы № 1 орта мектепте ашылу салтанаты болды. № 6 мектептің 3 «В» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Садуова Жанар балалар кітап апталығын ашып берді. Балалар мерекелік бағдарламада ойын ойнап викториналық сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар таратылды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий