Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

Жарқырай бер, сиқырлы шыршамыз!

Мақсаты: бүлдіршіндерге Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды
татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, көңілді етіп ұйымдастыру, достық қарым-қатынастарын нығайту, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аударту.

Көрнекілігі: Безендірілген шырша, плакаттар
Барысы: Ұйымдастыру.Қонақпен амандасу

1-жүргізуші:
 Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

-         Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер және қадірлі әріптестер!
Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл 2016 жыл сіздерге жаңа бақыт, мол табыс, бірлік, береке әкелсін.
(Сомолет пен поездің дыбысы шығады)

2-жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бізге алыс сапардан қонақтар келе жатыр.Жүріңдер, бәріміз барып қарсы алайық.

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Бүгін біз барлығымыз жаңа жыл мерекесіне Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырғанбыз. Солармен бірге Аяз ата мен Ақшақар келгенше ән айтып, шырша айналып, би билеп, көңіл көтерейік.

Жаңа жыл келді жерімізге,
Әкелсін құт-береке елімізге.
Жақсылық пен қуаныш жылы болып,
Қиындық жолатпасын бәрімізге.

2-жүргізуші: Ал балалар келер жыл қандай жыл? Мешін жылы, ортаға мешінді шақырайық.(Звук самолета)
Мешін: (Өлең оқиды, балалар мен би билейді)
Би: «Буги буги»
 1-жүргізуші:
 Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
 Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
 Бәрімізге шынайы  тілек тілеп,
 Бар әлемге бақытпен жар салайық!
2-жүргізуші:
Ау, бақытты адамдар,
Айлы көкке қараңдар:
Мініп аппақ кемені,
Жыл ғарыштап келеді.

               Келді жылым – бақытым,
               Кемелденді уақытым.
               Сәлем саған, жаңа жыл –
               Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Ақ сақалы желбіреп,
Аяз атам елжіреп,
Алды жылдың сәлемін,
Алды сыйын әлемнің.
                  Әкелді жыл ырыс – құт –
                  Әлемді той, тыныштық.
                  Әніміз де жаңаша,
                  Жаңа жылым – тамаша!
                   
1-жүргізуші:
 Балалар, қараңдаршы бізге кімдердің келгенін ертегі кейіпкерлері келді. Енді осы мерекемізге кімдер жетіспейді ...Ия Аяз ата мен Ақшақар, солай ма? Ендеше Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Сол кезде Жалмауыз кемпір шығады.

(Әрі қарай кешіміз түрлі ойындармен жалғасады)

 Балалар, қараңдаршы бізге кімдердің келгенін ертегі кейіпкерлері: Буратино, Сайқымазақ, Түлкі, Қасқыр, Қоян, Қызыл телпек т.б. Сіздермен бірге шыршаны айналып ән салмақ.

Сайқымазақ: Сәлем саған, кітапхана!
Қызыл телпек: Біз сіздерге сиқырлы ертегілер елінен  келдік.Сіздермен бірге жаңа жылды қарсы алмақпыз. Аяз атамыз кешігіп жатыр ғой. Мүмкін адасып кеткен шығар.Олай болса, барлығымыз бірге әнімізді шырқап, шыршамызды айналайық.Аяз атамыз естіп келіп қалар.
«Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл»  әні орындалады.
Буратина, Сайқымазақ, Қызыл телпек үшеуі бірігіп би билейді.

2-жүргізуші: Балалар, алыстан Аяз атаның бұғысының салдырлаған даусы
естіледі. Келіп те қалған сияқты, бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Сайқымазақ: Мынау келген Аяз ата ма?
Балалар: Жоқ! Жоқ! Жалмауыз кемпір!
1-жүргізуші: Балалар, бізге әдейілеп қонақ болып келген екен, қонақтарымызды жайғастырып, өзіміздің әнімізбен тақпағымызды айтып берейік.
Ән. «Жасыл шырша»
Жаңа жылды бар тілде,
Жаңа жырға балайды.
Жаңа жылға әр кімде,
Жақсы үмітпен қарайды.
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанатттанды жаңымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Би билейік бәріміз.
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан.
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Төгілсін жаңа нұр.
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл.

Ақ  қырауға малынған,
Сақалы да мұртыда.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Кәне, досым!
Қол ұстасып, ән шырқайық шыршаға.


Көрініс: «Аяз ата кәмпиті»

Ән: «Аяз ата»
 
Сайқымазақ: Ал, енді мен балалармен ойнағым келіп тұр, ұлдар поезд ойынын ойнаймыз. Бәріміз тұрамыз. Бір-бірімізден ұстаймыз (барлығын тізіп сыртқа алып кетеді)

2-жүргізуші: Ал, балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.Аяз ата Ақшақар! Аяз ата Ақшақар!
Аяз ата:
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын жапалақтап көріп қардың.
Асыға ұшып келдім құрдай жортып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Амансың ба, ұлдарым, амансың ба қыздарым! Мен сендерді сағына алыс жолдан жетіп келдім. Қасымда Ақшақарым бар.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Аяз ата, дұрыс айтады. Иә, достар! Біз көптеген жерлерде болып келеміз. Барлық жерде тойлап жатыр. Аяз атамыз бүгін сыйлыққа толы келді. Балалар өнерлеріңізді көрсетіңіздер.( балалар Аяз атаға өз өнерлерін көрсетеді)
-         Аяз ата, Ақшақар ортамызға қош келдіңіз. Біз сіздерді күтіп отырғанда бізге алыс сапардан қонақтар келді. Көңіліміз бір көтеріліп қалды.
Сіздердің қастарыңызда Ескі жылды шақырып, ризашылығымызды білдірейік. Ескі жыл! Ескі жыл! Қой жылы.
Ескі жыл келеді.
Мен ескі жылмын сіздерге  молшылық, бақыт әкелдім.
Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.
2016 жыл қадам басқан,
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.
Қоштасып қол бұлғаймын.
Қош сау болыңдар, балалар!
Ал, балалар, бәріміз соңғы рет ескі жылмен шыршаны айналып ән салайық.

1-жүргізуші: Қош сау бол, Ескі жыл!
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Мешін жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа жыл!
Жаңа жыл: Халқым менің!
Жаңа жылмын мен!
Елді самғап шарлаймын,
Бір күн қызық бір күннен.
Бола берсін әрдайым.
Жаңа жылдың бастауын,
Сендермен бірге тойлаймын.
Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жақсы дәстүр салтымыз!

2-жүргізуші: Қазір сіздермен әр түрлі ойын ойнаймыз.
Ал, балалар, біз неше түрлі ойындар ойнадық, енді Аяз атамыздың әлі де баратын жерлері көп. Олай болса, Аяз атаны шығарып салайық.
Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мен күтіп отырған қаншама ел мен жер бар.Сендер сияқты балалар күтіп отыр. Сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көріне беріңдер! Білімдерің таси берсін, алған бағаларың тек  «5» болсын!

Келесі кездескенше қош аман болыңыздар.
«Құтты болсын, Жаңа жылым» әні орындалады.

                        
                                              Пайдаланған әдебиеттер:


1.Кел, Жаңа жыл! [Мәтін]: / Ақбақай: балаларға арналған республикалық журнал. – Алматы. – 2015. - №1. –Б. 1
2. Әубәкіров, О. Аяз ата кәмпиті.[Мәтін]: / О.Әубәкіров.// Жаңарған жыл. Алматы «Балауса» - 1994. – Б. 3-6
3.Әбдіраш, Ж. Жаңа жылға – Жаңа жыр. [Мәтін]: / Ж.Әбдіраш. // Жыл – он екі ай. - 2009. - №5. Б. 107
4. Табылдиев,Ә. Жаңа жылым – тамаша.[Мәтін]: / Ә.Табылдиев. // Жыл он екі ай. – 1984. – Б. - 3
5. Мұратбек,Ж. Жаңа бақыт – жаңа нұр. [Мәтін]: / Ж.Мұратбек. // Мектептегі мерекелер. – 2015. - №12. – Б. 44-45




                     Құрастырған:    Ж.Қ.Абжанова


























Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия