«Сәбидің
күлкісі – әлемнің сыңғыры»
2018 жылдың 1 маусым күні, № 2 облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасының Балалар әдебиеті бөлімінде, Халықаралық балаларды
қорғау күніне орай, балаларға шын көңілден шаттық, көңіл-күй сыйлап,
мейірімділікке баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында, «Сәбидің күлкісі –
әлемнің сыңғыры» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Балалар әдебиеті бөлімінің
қызметкерлері бүлдіршіндерді ертегі кейіпкерлерімен қарсы алды.
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір
сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау
деген сөз. Ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз
бейбіт өмір сүрсе, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса, сол -
бақыт! Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы
қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да
паш етіледі. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар,
болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі.
Мерекелік іс-шарамызға қаламыздағы «Алпамыс»,
«Ақбота», «Золотой ключик», «Раушан» балабақшаларынан келген
бүлдіршіндеріміз мерекемізді тамашалап өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би
биледі. Қонақтарымызға мерекелік іс-шарамыздың соңында өнерлерін тамашалап, мақтау
қағазымен марапаттап қошеметімізді көрсеттік. Балаларға жаздың тамаша күніндей
нұрлы, көңілді, қуаныш-шаттыққа толы бақыт тіледік. Балаларды қорғау күніне
арналған мерекелік шара өз деңгейінде өтті.
Комментариев нет:
Отправить комментарий