Ағартушы, аса көрнекті педагог, ақын, қазақ балалар
әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ, Ы.Алтынсарин
мұражайының директоры П.А Ахметованың ұйымдастырумен және №2 облыстық
әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ыбырай әлеміне саяхат»
атты іс-шара болып өтті. Бұл іс-шараға
АрқМПИ Педагогика және психология мамандығының 1 курс студентері мен Ы.
Алтынсарин атындағы гимназияның 9 «А»
сыныптың оқушылары қатысып, өз дәрежесінде білімдерін көрсете білді. Ұлы ағартушының өмірімен
және шығармаларын оқырманға таныту мақсатында шолу жасалып, кітап жәрмеңкесі
өткізілді. Өз білімдерін көрсетіп, іс-шараға жақсы атсалысқан оқырмандар АрқМПИ ректорының атынан мақтау қағаздарын
табыстады. №2 ОӘҒК - ның директоры Нұрманова Алма Жақсылыққызы өз алығысын білдірді.
Ыбырай
- жалаң үміттің емес, өз кезінің ең әсерлі, ықпалды жаңашыл жазушысы. Оқушы
жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет – салттарды, өмірге
тиімді кәсіп түрлерін, озат оқу – білімді, адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін
күресті. Бұл мәселелер Ыбырай кезінің сол дәуір ұсынған ең келелі де керекті
жаңа тілектері еді.
Ыбырай шашқан тәлім – тәрбие ұрығы зая кеткен
жоқ.
Комментариев нет:
Отправить комментарий