Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

«Ауғанстан – жүректегі жара – Афганистан болит в моей души»

Тақырыбы: 
«Ауғанстан – жүректегі жара – Афганистан  болит в моей души»
кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына арналған кездесу  кеші
Мақсаты:  Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1. «Ауған соғысындағы батырлар» папка,
                       2. Кітап көрмесі,
                       3. Дәйексөздер
                       4. Бейнетаспа
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:
1. Балдыков Марат Батырханұлы
2. Ерназаров Ғалымжан Тоқтарбайұлы
Шараның барысы:
- Фанфары на выход ведущих
1 - Жүргізуші  Марал Әскербайқызы
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
2 - Жүргізуші Ирина Юревна
– Добрый день, дорогие гости, уважаемые учителя, учащиеся!
 ҚР Мемлекеттік әнұраны
1 - Жүргізуші 
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. «Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.

2 - Жүргізуші 
- Около 25 - х лет назад закончилась десятилетняя война в Афганистане. В учебниках еще не описаны эти события, хотя они сыграли существенную роль в истории стран бывшего СССР. А знание истории необходимо, т. к. тот, кто не знает прошлого, осужден на повторение пройденных человечеством ошибок.
1 - Жүргізуші 
- Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!
10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
- Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
1 - Жүргізуші (Марал)
- Балдыков Марат Батырханұлы
- Ерназаров Галымжан Тоқтарбайұлы
1 - Жүргізуші
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің
- Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз!
Сөз кезегі  Марат Батырханұлына-
 Ерназаров Галымжан Тоқтарбайұлы береді.
Келесі кезекті оқырмандардың жүрек жарды өлеңдеріне береміз:
Гимназиия оқушылары:
Айтбаева Айжан
 Молдахметова Әния

Баяхметова Айнұр
Нияз Диана
Сары Айнұр
Әбдібеков Ербосын
Ахметжанова Мадина

Ән: «Жас қанат» орындайтын: Маратов Айбат
Оқырмандар ардагерлерге өз сұрақтарын қойды:
1. Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?
2.Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума –туыстарыңыз білді ме?
3. Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін
байқадыңыз?
4. Бұл сұм соғысқа аттандыңызба?
5. Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?
6. Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге
оралмады?
7. Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін
8. жүргізді ме?Әлде қару беріп жібере салды ма?
9. Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері аз.
10. Сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?
11. Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз.Соғыс
кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?
12. Жауынгерлік борышта Пулихумри қаласымен
байланыс қалай болды?
13. Үй ішіңізбен жиі
хабарластыңыз ба?

Сөз кезегі Алма Жаксылыковнаға беріледі.
Ән: «Арқалықтың ақ таңы» орындайтын: Жүнісов Фархат
: 1 - Жүргізуші
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл өтсе де,сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлердің соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге еліміздің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық  ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.
Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесейік!








Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия