Шәмші - қазақ вальсінің патшасы
Құрметті
кітапханашылар!
Жарты
ғасырдан астам бүкіл қазақ даласын әсем әуенімен әлдилеп, ғажап әндерімен
бірнеше ұрпақты тәрбиелеген қазақтың аяулы перзенті Шәмші Қалдаяқовтың биыл 80
жылдық мерейтойы.
«Шәмші – қазақ вальсінің патшасы»
атты осы әдістемелік құралда Қазақстан Республикасының әртісі, композиторы және
Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Шәмші Қалдаяқов жайында айтылады.
Жастарды
өнерге баулу, қазақ өнеріндегі алтын әріптермен таңбаланған Шәмші мұраларының
құдіретін арттыру, насихаттау, ең бастысы, қазақтың маңдайына біткен асыл
азаматтың құнды дүниелеріне құрмет көрсету мақсатында пайдалануға болады.
Бұл
әдістемелік құрал 3 бөлімнен тұрады:
1.
«ХХ ғасырдың ұлы сазгері»
(әңгіме)
2.
«Шәмші – қазақ вальсінің
патшасы» (поэзия кеші)
3.
«Ән әлемінің падишасы»
(тәрбие сағаты)
Ел зиялыларының Шәмші туралы ыстық лебіздері:
«Ұлы композитордың ұмытылып
келе жатқан тұстары көп. Оны өмір, болашақ өзі түгендеп алар» (Қалаубек Тұрсынқұлов).
«Жалпы менің бас иетін
тұлғаларымның бірі - Шәмші еді» (Қадыр
Мырза Әлі).
«Шәмшінің кеудесінен күмбірлеп
тұрған әнін әуелетіп шырқаған сайын жайлауда жүргендей жарқын әсерге бөлендім» (Роза Бағланова).
«Шәмші тау бұлағындай таза
әуенімен ән-жырға сусаған халқының мейірін қандырды» (Бибігүл Төлегенова).
«Қазақта Шәмші біреу-ақ, ол
қайта тумайды. Шәмшінің әндері XX
ғасырдағы қазақ эстрадасының паспорты» (Сара Тыныштығұлова).
«Шәмші Қалдаяқов әндері XX ғасырдың XXI
ғасырға бет алған қазақ әнінің ұлы «Аманат»
керуені» (Нұрғали Нүсіпжанов).
«Шәмшіні көзі
тірісінде халқымыз ардақтап, әспеттегенімен, билік басында отырғандар оның
талантын бағалап, қадіріне жетпеді... «Шәмші - ел еркесі» еді" (Мұхамеджан Рүстемов).
«Ақиқатына келгенде Шәмшінің
тәңір жаратқан таланты асқақ. Әсем әндері қай атақ, қандай сыйлықтардан да
жоғары» (Әсет Бейсеуов).
«Шәмші аға ғажайып әуендерімен
исі қазақты таңқалдырып қана қойған жоқ, табындырды. Ал, Шәмші ағаның ақындығы
құмның астында көміліп жатқан алтын сияқты құпия қазына». (Көпен Әмір-Бек).
«Шәмші бүгін бар, ертең жоқ
әкім, саясаткер емес. Ол - мәңгілік» (Қали Сәрсенбаев).
«Ол бір рахат өмірді әннен
іздеді. Әннен жанына сая тапты. Оның әр әні дүниеге келген күн халқы үшін
мереке.
Шәмші - ән әлемінің жарық
жұлдызы болып дүниеге танылған ерекше тұлға. Қазақтай ән сүйер туған халқы
барда ғажайып сазгер ағаның жұлдызы мәңгі жарқырай бермек» (Сейтісхан Кішібайұлы).
ХХ
ғасырдың ұлы сазгері
(5-7 сынып оқушыларына арналған әңгіме)
Мақсаты: Қазақстанның халық әртісі, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың
шығармашылығынан кең мағлұмат беру. Оқушыларды өнерді сүюге, құрметтеуге
тәрбиелеу, өнер адамдарын сыйлауға, қадір тұтуға үйрету.
Көрнекілігі: 1. Шәмші Қалдаяқовтың суреті
2. Сазгер туралы сөздер
3. Кітап көрмесі
4. Бейне таспа
Кітапханашы: Арыс өзенінің Сырдарияға құятын
жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар.
Міне,
осы көлдің жағасына 1927-жылы бір жағы жоқшылық, тағы бір жағы қыстамшылық қуған
Қалдаяқ деген кедей осында мекендеп қалады. Қалдаяқтың шын аты Әнапия екен.
Оның оң аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап, содан
ол осылай аталып кетіпті.
Татарлардың
гармонын, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың
сол бір қамыс күркесінде 1930-жылы бір бала дүниеге келеді.
-
Оу, Қалдаяқ, ұлды болдың! - деген хабарды
алып, үйіне асыға келген әкеге жыртық шүберекке ораған нәрестені ұстата қойыпты.
Нәресте
болса да, ересек адамның қарулы қолын сезе қойған бала шар етеді. Басқа
балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн
шығарған ұлына қарап:
-
Мен сені Шәмшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Бірақ мына
даусың патшаныкіне емес,
әншінікіне көбірек ұқсайды екен, - депті Қалдаяқ.
-
Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың емес, әннің
патшасы болса да, тақияңа тар келмес, - депті оған Құдайберген деген құрдасы.
-
Айтқаның келсін. Шәмшид болсын, - депті сонда баладан басқа байлығы жоқ әрі
кедей, әрі өнерпаз әке.
ҚАЛДАЯҚОВ
Шәмші (15.8.1930, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы
Шәуілдір ауылы - 29.2.1992, Алматы қаласы) - композитор, Қазакстанның халық әртісі
(1991). Шымкент,
Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы.
Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумын бітірген . 1951 - 54 жылы
Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды. 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің
музыка теориясы факультетіне қабылданды. 1956-62 жылы
Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факультетінде (профессор
В.В. Великановтың класы бойынша) оқыды. 1950 жылдан бастап шығармашылық
қызметпен айналысты. Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса
айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке
жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармасының
тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға,
дос-жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармасының
басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың
кең байтақ жерін жырға қосатын: «Ақ ерке - Ақ
Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды
Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Байқоңыр», «Талдықорған
- әнім менің», «Ырысты өлке –
Шардара», «Отан», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы
той», «Көгілдір Көкше», «Өмір өзен», т.б.
туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Композитордың
марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын: «Менің Қазақстаным», «Тенізде
– толқында», «Бақыт құшағында», «Бәрінен
де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына
кеңінен тарады. «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Қайдасың?», «Еркежан», «Ана
туралы жыр», «Құшақ жайған қандай адам?» «Қайықта», «Қыз сағынышы», «Ақ
бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Әнім
сен едің», «Сағынышым менің» әндері Р.Бағланова,
Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева, т.б. әншілердің репертуарынан
берік орын алды. Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды.
Республика жастар сыйлығының иегері болды (1965). 1992 жылдан
бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы
халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы
қаласында бір көше, композитор туған өлке - Шәуілдір ауылындағы
музыка мектебі - Қалдаяқов есімімен аталады.
Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған.
1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым
менің, жырларым менің» (реж. Т. Ахметов) деген деректі
телефильм түсірілді. «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар
жинағы жарық көрді (2002).
1991
жылдың қараша айында Алматы қалалық әкімшілік атынан Шәмшіге «Қазақстанның
халық әртісі» атағын беруді ұсынған құжат жөнелтілді. Ол атақ Шәмшіге 1991 жылы
29 желтоқсан күні берілді.
Шәмші
бұл күндері ауруханада жатқан болатын. Ол Алматының ауруханасына 16 қараша күні
түсіп, 1992 жылдың 29 ақпанында мәңгілік көз жұмған күні бір-ақ шықты. Шәмші
осылайша халық әртісі деген атақты бар-жоғы алпыс-ақ күн алып жүрді.
Қазақ
халқының ұлы перзентіне айналған азаматымызды дәріптеу – келер ұрпақ алдындағы
борышымыз екенін ұмытпайық.
«Шәмші –
қазақ вальсінің патшасы»
(5-9 сынып оқушыларына арналған
поэзия кеші)
Кітап көрмесінің жобасы
1-бөлім:
Ән падишасы.
Дәйексөз:
Жаралған аға еліне әсем ән үшін,
Әсем ән екен тағдырдың берген
бағы шын.
Еркіндік сүйген еңселі дархан
даламен,
Әніңе қостың сыңсыған Сырдың
ағысын.
(Д.Пасатбаев)
2-бөлім: Ұлылар есімі
ұмытылмасын!
Дәйексөз:
Аты аңызға айналды Шәмші бүгін,
Тиісті еркелеуге елге дүйім.
Жүректен орын алған сазды әуенің,
Көтерер алты Алаштың көңіл күйін.
Вальстің королісіз өзі алтын,
Бағалай білген қазақ өнер парқын.
Әуеннен күмбез салған өзіңізді,
Құрметтеп тағзым етер бүкіл
халқым.
(Ш.Үсеева)
3-бөлім: ХХ ғасырдың ұлы сазгері
Дәйексөз:
Әнің барда тірісің,
Өмір сүрдің ел үшін.
Алты алашқа белгілі,
Заңғарлардың бірісің.
(Ж.Байзақ)
Мақсаты: Ш. Қалдаяқовтың
өнерімен, өлеңімен жан-жақты таныстыру, шығармашылығынан мәлімет беру,
сазгердің әні жазылған әндерді көпшілік назарына ұсыну арқылы оқушылардың әнге
ынтасын арттыру.
Көрнекілігі:1. Кітап көрмесі.
2. Нақыл сөздер
3. Дәйексөз
4. Бейнетаспа
5. Фото портрет.
Сыртқы дауыс: Соно-о-у
Қорқыттан бастап, күй атасы — Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сүгір,
көмейіне бұлбүл ұялаған Әміре, жылғаның тасындай жылтыраған Біржан сал, Ақан
сері мен Жаяу Мұсаларымыз қазақ деген ұлы халықтың бақытына туған өнер
көгіндегі жарық.жұлдыздары.
1930
жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріндегі койнауында "Сарыкөл"
деп аталатын шағын көл жағасындағы ауылда, осы ауылдағы татардың гармонын, қазактың
қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері, ақын, ағаштан түйін түйетін
ұста, зергер Қалдаяқ пен ойын-тойда қүйқылжыта ән салатын Сақыпжамалдың
отбасында XX ғасырда казақ әнінің ажарын ашып, шырайын
кіргізіп, оның өрісін әлем көгіне шығарған ән феномені Шәмші Қалдаяқов дұниеге
келді.
Әуен,
жылаған бала дауысы. Сахнаға Қалдаяқ пен досы шығады.
Досы (көңілді):
Оу, Қалдаяқ, ұлды болыпсың, бауы берік болсын!
Қалдаяқ: Мен
баламның атын ескі хиссадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Бірақ, оның дауысы
патшаның дауысынан гөрі әншінікіне көбірек ұқсайды екен.
Досы: Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың емес, әннін патшасы болса
тақияңа тар келмес.
Қалдаяқ: Айтқаның келсін! Жамшид болсын. Барым да, байлығым да осы
балам. Халкыма адал қызмет ететін адам боп өссе — арманымның орындалғаны.
Сахнадан шығып кетеді. Сахнага анасы мен бала
Шәмші шығады.
Бала Шәмші: Апа, өткенде айтып берген "Ак құс"
туралы хикаяны қайта айтып беріңізші. Неге екенін білмеймін, сол хикаяны
естігім келеді де тұрады. Менің көңіліме сол ақ құс орнап
қалған сияқты.
Анасы: Ай-на-лай-ын! Сенің көңілің
калап тұрса, неге айтпайын!
Жүргізуші: Тау бұлағындай таза әуенімен
ән-жырға сусаған халкының мерейін қандырған Жәмшид — Шәмші атанды. Ол
құдайындай сыйлап, жанындай жақсы көретін әкесіне үлкен
кесене салдырды. Ал өзін ақ
сүтімен асыраған аяулы анасына арнап әннін ең асылын жазды. Ол — " Ана
туралы жыр".
(Ән орындалады)
1-жүргізуші:
Қүлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең, менше сүй, — деп үлы Абай атамыз жырлағандай, әнді сүймейтін
қазақ бар ма?
2-жүргізуші: Иә, әннін кұдіреті өз алдына
өзгеше екені рас. Қазак даласын жарты ғасырдай жаңғыртып әнге бөлеп, ак
бесіктей тербеткен Шәмші әндерінің жөні бөлек-ақ.
1-жүргізуші: Қазак әні мен мәдениетінің алтын қорына елеулі
үлес қосқан Шәмші Қалдаяковтың шығармашылык мұрасы —
ұлтымыздың баға жетпес байлығы, рухани казынасы. Халкымыздың
жан жүрегіне жақын, оның болмысымен үндес Шәмші әндері жас талғамайтын,
мәңгі жасайтын жауһар дүние емес пе?
2-жүргізуші: Шәмші әндеріне басқа түгіл ағылшынның өнер
кайраткері Роберт Файлер таң қалып: "Мен қазақтың ұлы композиторымен
танысқаныма қуаныштымын. 300-ге жуық ән шығару деген — ұлы
ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек", — деген екен. Ендеше, әсем де әуезді
әндерімен халқының жүрегін баурап алған Шәмші ағамыздың әндеріне кезек
бермейміз бе?
(Шәмші әндері орындалады)
1-жүргізуші: Өткен
ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бері бүкіл қазақ шырқап келе жатқан Шәмші әндерімен
қаншама жас ұрпақ тербеліп өсті.
2-жүргізуші: Содан да халқымыз оны «Қазақ вальсінің королі» деп құрметтеп, мақтан етеді емес пе? Шәмші Батыс
өнеріндегі вальсті қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнеріне
айналдырып жіберген.
1-жүргізуші: Содан
бері қаншама ұлан Шәмші әндерімен құлақ құрышын қандырып, ғажайып әуендерімен
бесікте тербетіліп, белі бекіді. Жарты ғасырға жуық қазақ даласын әсем әнге
бөлеген Шәмші тыңдаушысын таң қалдырып қана қойған жок, табындырды.
Көрініс. Сахнаға Шәмші мен ақын досы шығады.
Ақын досы: Шәмші, осы өмір не үшін керек?
Шәмші: Өмірге өз бүлбұлы керек. Таудың сәні — биіктігі болса,
бақшаның сәні — бұлбұлы.
Ақын досы: Шәмші, тыңдашы, жүрегімде ұялаған
бір сыр бар. Сол сырды тек ақ кайыңдар
біледі. Жүрші, құрбым, Көктөбеге барайык, кеудемізге қырдың гүлін
тағайык...
Әуен.
Шәмші: Мен саған әкемнің акын,
анамның әнші болғанын айтканмын. Өмірге, адамдарға құрметі жок кісіден өнерпаз
шыкпаса керек. Мен анама ұксап бала жастан асқак әнді мадактап, соған
үйір боп өстім. Менің білетінім: ән — адал жүректен туады. Ән жарқын болашаққа
деген сезімді паш етеді. Асқақтата салған ән... Ол сені әлдеқайда
алысқа, қиын шетке сонау қыр басы-на жетелейді. Сол қыраттағы қыранның шаңк
еткен дауысы, қайталанбайтын ән ғой. Табиғат әсер етпесе, қыраннан ол ән тумас
еді. Ол ән дала төсін аралап кетеді. Естіген жүректі ерлікке шақырады, жігердін
жалын отын жағады.
Досы: Ал сенің әндерің
негізінен лирикаға, романтикаға толы, сырлы болып келеді. Неге олай?
Шәмші: Досым, ерліктің өзі
сұлулык, ердің сөзі — елдің сөзі. Ел оны жүрегімен кабылдайды.
Сондықтан, ерлік әндер ең әсем ән емес пе?!
Досы: Ғажап! Айта аласың-ау!
Өзіңнің композитор ғана емес, сөзге шешендігің де өз алдына. Шәмші, кейде мен
өлеңді күнде, тіпті айлап та жаза алмайтын кездерім болады. Өзің
әнді қалай шығарасын? Әрбір әніңнің жұрттың көкейіне қона
қалатын күдіреттілігі неде?
Шәмші (үнсіз турып): Шынымды айтайын. Мен ән жазбақ
түгіл, ән тыңдай алмайтын күндерім де болады. Кейде арқам кұрысып, бір әннің
келе жатканын сеземін. Әнді бір-ақ күнде жазамын. Екінші күні шығармасы
жүрегіме жакын өзің сияқты ақынды тауып алып, оған
өлең іздеймін. Өлең ән секілді боп естілмесе, ақынның шамына тимей, арқасынан сипай отырып, идеямды ұсынып,
өзіме керек өлеңді жаздыртып аламын. Үшінші күні алдын ала дауысына бейімдеп
жазған әншіме апарып беремін. Ән дегеніне жетіп, елден бағасын алған күні бойым
жеңілдеп сала береді. Ең бастысы, халыққа ненің қажет екенін жаксы білу.
(Үнсіздік. Сазды әуен. Шәмші өзі жазган өлеңін
оқиды.)
Әлі де бүл кеудеме толмай арман,
Жас көңіл еш нәрсеге болмай алаң.
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан
Қол созып, қүшақ жайған кандай адам?
Қиялым, сәулесінен дірілдеген,
Көктемгі күнім бе екен күлім деген?!
Әлде бір көктемдегі сандуғаш па,
Жанымды елжіреткен үніменен?!
Қалайша жүрегімді алдай алам,
Мен оны жалғыз саған арнай алам.
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан
Дариға-ай, құшақ жайған кандай адам?
Досы: Паһ, шіркін! Құстың
дауысынан маржан төгілгендей, аңсауымнан арман естілгендей болды ғой. Бұл
өлеңді қайдан алдың?
Шәмші (қуана): Бұл менің өз туындым! Әкемнің акындығы бар екенін
айтпап па едім. Және сен менің Әл-Фарабидің жерлесі екенімді үмытпа. Ол да, мен
де Отырардың перзентіміз.
Досы: Ой-хой деген!
Шәмші: Мен композитор болып сендерді құдай сақтап қалған ғой!
(Екеуі күліп сахнадан шығып кетеді)
1-жүргізуші: "Асқар тау алыстаған сайын асқақтай түседі". Шәмші
де жыл өткен сайын халқымыздың сахнасында биіктеп, тарихи түғырына көтеріліп
келеді.
2-жүргізуші: Әсіресе, махаббат әндері неге түрады. Сен білесің
бе, Шәмшінің әрбір өлеңдерінің туу тарихы бар екенін.
1-жүргізуші: Ия, 300 әнінің өз тарихы бар. Сонда Шәмші өмірі
әнге, әні өмірге айналып кеткен екен-ау.
2-жүргізуші: Бірде Шәмші Қалдаяқов: "Мен ажарлы әйелді
көрсем болды, сол сәтте күйіп-жанып махаббат отына түсетін едім. Кейде бұл
ісіме күйініп, "менде махаббат жоқ" деп ойлайтынмын. Менде шын
махаббат бар екенін маған түңғыш рет жалтартпай айтқан сол бір көркем қыз
болатын. Оның: "Сен ғашык адамсың. Сен бар дүниеге, анау Алатауға,
сылдырлап аққан суға, мөлдіреген аспанға, бүкіл адамзатқа ғашықсың. Әйтпесе,
сен ән шығара алмас едің" дегені есімнен кетпейді, -дейді бір естелігінде.
Көрініс. Сахнага Шәмші шығады. (Әуен)
"Казақ валъсі" ойнап
түрады, қазақ қызы шығып билейді, шығып
кетеді. Шәмші көзімен аялай қарап, ұзатып салады.
"Дунген қызы" әні орындалады. Дүнген қызы шығып, билейді, шығып
кетеді.
"Сыған серенадасы" әні. Сыған қызы шығады.
Шәмші шығарып салады. Шәмші де шығып кетеді.
"Ақ бантик" орындалады.
1-жүргізуші: Аспанынан қазақтың ән боп ұшқан, дара туған дарын Шәмші
Қалдаяқовка 83 өлең арналыпты. Қазақтың Шәмші ағасы — ән ағаға айналып кете
барды.
2-жүргізуші: Шәмшіге бірі аға, бірі іні болып өлең арнаған Мұқағали
Макатаев пен Мұхтар Шахановтың өлеңдерін оқушылар
орындайды.
М. Мақатаев:
Сол күндер ғой — жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па,
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма,
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма?!
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
Шәміл-ау!
Шәмші қайда?
Шәмші қайда?
Шәмшіге айт,
Тағы да бір тандандырсын,
Жындандырсын жүректі, жандандырсын!
Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер,
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!
М. Шаханов. "Қалдаяқов өзені"
Бар қазакты тамсандырған,
Таңнан таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің.
Зорсығанның көбісі құры сүлде,
Ешкім көзі тірісінде
Ән көгінен дәл өзіңдей таба алған жоқ
нар сенім,
Қандай ғажап кереметің бар сенің.
¥лылыкка еліктегіш отсыз, нәрсіз
көздер көп.
Біреулер жүр саусағының көмегімен
сазгер боп,
Ал сен үлы жүрегіңмен,
Пейіліңмен, тілегіңмен,
Күллі тамыр тілегіңмен,
Дарын едің алдына жан салмаған,
¥лт сезімін арқалаудан талмаған.
Отырардың еңкеймеген рухын,
Әр казакқа ән арқылы жалғаған...
... Енді саған өшпес, өлмес атак-даңқтың кезегі,
Келгендігін досың түгіл, қастарың да сезеді.
Кеш болса да жадырап ақ, еркелеп ак еліңе.
¥лтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені.
1-жүргізуші: Негізі, Шәмші — басына бақ қонған сазгер. Ән
әлемінің інжу-маржанын іздеп Шәмші шартарапты шарлады. Ел-жүртының. жанын,
сырын ұққысы келді. Сөйтіп, байтақ еліміздің түпкір-түпкіріне сапар
шегіп, толғанды, тебіренді. Ән туды.
2-жүргізуші: Ия, қандай әндер десеңші! Алдымен өзі туып өскен
"Арыс жағасын" аралап, Қыз Жібек қызғалдағын терген
"Ақ ерке Ак Жайықтың" сұлулығына тамсанып, Мәдидің
"Қарқаралысын", Көкшенің "Биші қайыңын", "Жаркыраған
Жезказғанды", "Фосфорлы Жамбылды", "Сыр сұлуын",
"Теріскей" мен "Мойынқұмды", "Аркалыктың ақ
таңын" әнге қосты. Қазактын кен байтақ даласына әннен сыйлық жасады.
Көрініс. Шәмші шығады (эуен...)
Шәмші: Республикамыздын талай-талай жерлерінде болып, асыл
азаматтармен танысып, олардың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін көрдім. Бұл қасиет
мені қатты толқытты. Керемет сезімдер
оятты. "Менің Қазақстаным" әні
айтылады.
Шәмші: Мен әнімді Қазақстаныма арнап отырмын. Бұл ән
сонау тың жылдары Ақмоланы "Целиноград" атап, сол жақтағы бес облысты
Ресейге қосқалы жүрген кезде, қазақ жерін бөлшектегелі жатқанда
туды. Аскақтығымызды, биік рухымызды, алтын күн шұғыласына бөленген қазақ жерін, елін әнге түгел
сыйғызғым келді. Бүл ән — елімнің Әнүраны болды.
(Әуен "Менің Қазақстаным " ойнап тұрады)
Сырткы дауыс: Қазақтың Шәмшісі елінің
айбынын асқақтататын, жүрек кылын шертетін мерей жырын тудырды. Бүгінгі
егемендігіміздің алғашкы негізі болған 1986 жылы 17 желтоқсанда еркіндікті
аңсаған қазақ жастары да Алматыға Республика алаңына "Елім-ай"мен
бірге осы әнді айтып шыкты. "Менің Республикам" деп ұрандаған
жастардың арманы орындалып, еліміз тәуелсіз, алтын арайлы елге айналды.
Әндерің ғасырларға жалғасатын,
Жаңғырып жадымызда қалар атың.
Дүбірлі дүниені түгел шолсам,
Өзіңнен сазгер-әнші бар ма асатын.
Әуезді әуеніне дала тұнған,
Ауаның торабымен таралды ән.
Ерекше ел аузында дара түлғаң,
Жүрегің сазды әуеннен жаратылған.
Ән
әлемінің патшасы.
(5-9 сынып оқушыларына арналған
тәрбие сағаты)
Мақсаты: адамгершілікке,
сұлулыққа, әсемдікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Композитор туралы мағлұмат беріп,
шығармаларымен таныстыру және ұлтқа, Отанға, туған жерге деген құрметтерін
көрсету.
Көрнекілік: 1. Кітап көрмесі.
2. Магнитофон.
3. Үнтаспа
4. Ш. Қалдаяқовтың
портреті.
5. Қазақстан
Республикасының рәміздері.
6. Сөзжұмбақ.
1- жүргізуші: Құрметті Ұстаздар мен оқушылар қауымы,
біз бүгін сіздермен туған жер мен ел, аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы сезім
туралы тамаша әндер жазып, өкінішке орай өзі елеусіз де ескерусіз тіршілік
кешкен, біздер әнін сүйіп тыңдайтын «»Қазақ вальсінің королі» атанған композитор,
Қазақстан Республикасының Халық әртісі Шәмші Қалдаяқов туралы сыр шертіп,
ой-толғап, әндер айтпақпыз.
Қазақстан Республикасының халық
әртісі, қазақ ән әлемінің падишасы, вальс королі – Ш. Қалдаяқовтың әндеріне
деген халық махаббаты күннен – күнге арта түсуде. Осылай ән әлеміне мәңгілік
таза да пәк махаббат сыйлаған ән мұрасын орнатып, елінде «Вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арнаған ән кешін
бастауға рұқсат етіңіздер.
- Білесің бе? Жыр жазу маған
қайғы
Мысалы, Анам жайлы сөзбенен сурет салып, ой түйсем де,
Анамдай бәрібір ол бола алмайды!
– деп, ана туралы қанша жыр жазса да сүйкімді бейнесі толық шықпай қала ма
деген күмән тек Мұқағали ақында емес, сонымен бірге ұлы композитор Шәмшінің де
көкейіндегі күмән болса керек. Алайда, әннің кереметі анасы жайлы әркімнің
жүрегін қозғайтындығында.
«Ана туралы жыр» әні орындалады.
2- жүргізуші: Отырар өңірі Шәмші Қалдаяқов
шығарған әндерге сонау 1950 жылдардың басынан қанық. Шәмші қалыптасқан
ұғымдардың көбіне сия бермейтін, жаратылысы бөлек, өзгеше мейірімді жан
болатын. Ол тіл мен өнерді қатар сүйген, тұла бойынан ән мен әуен төгіле
жөнелетін тумысы бөтен, ерекші дарын иесі еді. Жастардың жанына ұнайтын, іңкәр
сезім оятар, нәзік те құлаққа жағымды әндерінің бірі – «Сағыныш сазы» әні
орындалады.
Шәмші Қалдаяқов ұлылық ауылының
төрінен орын алған сезім патшалығының сиқыршысы секілді болатын. Әндері
жастардың аузынан түспей айтылып келе жатқан көрнекті композитор.
Жоқ менің өлең-жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір шертіп қалсаң домбыраны,
Көңілдің кетеді қозғап әнін.
«Теріскей» әні орындалады.
1- жүргізуші: Адамдар жүрегінен орын тапқан
әуеннің қашанда өмірі ұзақ. Біз Біржан мен Ақанды, Естай мен Мұхитты, Мәди мен
Балуан Шолақты еске ала отырып, Шәмші ағамыздың «Ақ маңдайлым», «Арыс
жағасында», «Сыр сұлуы», «Қуаныш вальсі», «Ақ бантик», «Ақ ерке ақ жайық»,
«Әнім сен едің», «Кешікпей келем деп ең», «Дүнген қыз», «Отырардағы той» т.б.
әндерінің де өмірі, сөз жоқ, ұзақ, қазақ халқымен бірге жасайтыны даусыз
дейміз.
«Дүнген қыз» әні орындалады.
2-жүргізуші: Шәмші әндерін сан рет қайталап
айтсақ та жалықпаймыз. Әр әншімен бірге ән де құлпырады, екі дауыста ерекше
гармониялық үйлесім бар.
«Әнім сен едің» әні орындалады.
1-жүргізуші: Ән мұрасын қастерлеп тұтынып,
сол арқылы композитордың не айтып, нендей сезімді жеткізгісі келгенін ұғу –
кейінгі біздердің парызымыз. Осы тұрғыдан қарағанда, әсіресе, халық пен
композиторлардың арасында кейде дәнекер, кейде елші рөлін атқаратын әншілер
өнері жайлы бір лебіз айтып кеткен жөн сияқты. Шәмші әндерін алғаш орындап
бағын ашқан – Жамал Омарова, Ришад Абдуллин, Роза Бағланова, Бибігүл
Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Бақыт Әшімова, Майра Нүркенова тәрізді әнді
таныту шеберлігі әр алуан әншілердің еңбектері ерекше.
Олар – осы әндердің ішкі табиғатын
терең танып, соған өзіндік үнін қосып отыратын асқан шеберлер. Әрбір әнге, оның
ішінде дариядай шалқып, теңіздей толқып жататын Шәмші туындыларына аса бір сезімталдықпен
қарамаса болмайды. Шәмші ағамыздың әндеріне аялы алақанмен, адал сезіммен келу
керек. Шәмші әндерінің қай ұрпаққа да берері мол. Тек оны білу қажет.
«Ақ бантик» әні
орындалады.
2-жүргізуші:
Әуеннің толқынымен
араласып,
Асқақтап әсерлі үн
асып-тасып.
Әсем ән әркімді де аң-таң
етіп,
Дүрсілін жүректердің кетер басып.
«Қуаныш вальсі» , «Қайдасың» әндері
орындалады.
(Сахнада бір топ оқушылар көкорай
шалғында алаулап жанған от көрінісін келтіріп, жағалай отырады. Осы кезде
«Сыған серенадасы» әні орындалады).
1-жүргізуші:
Әуелден әнге әуес, әнші жанмын,
Түн қатып той – топырдан үн
аңғардым.
Сағынған сүйгенімнің сазы ма деп,
Құмартып, құлағымды түре қалдым.
«Ол жалғыз, біз екеуміз» ,
«Құстар» , «Өмір өзен» әндері орындалады.
2-жүргізуші:
Шәмші ағаның әндері,
Жүректерді тербеді.
Көңілдегі жақсы үміт,
Әнмен бірге жаңғырып,
Болашаққа беттеді.
Жақсы әндердей мәңгілік,
Ұрпақтарды таңқылып,
Тозбасын тарих беттері.
Соңынан сұрақ-жауап сайысы.
1. Шәмші қай жерде,қай жылы туған?
2. Шәмшіге арнап қай ақын өлең жазған?
3. Шәмшіні кім деп атайды?
4. Қандай атақтары бар?
5. Қай жылы қайтыс болды?
ІІ.Әуенді тап.
Шәмші әуендерінен музыка
ойналады.
1. «Қайықта»
2. «Ақ бантик»
3. «Бәрінен де сен сүлу»
4. «Арыс
жағасында»
5.
«Кешікпей келем деп ең»
6. «Әнім
сен едің»
Бекіту: (Жеңімпаздар анықталып,
сыйлықтар тапсырылады).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнүраны
орындалады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Баяндин, Қ. Ән қанатында [Мәтін]/ Қ. Баяндин // Жұлдыз. – 2005.- № 5. – Б.
74-98.
2. Бодықов, О. Шәмші Қалдаяқов [Мәтін]/ О. Бодықов // Парасат. – 1995. – № 5. – Б. 10-11.
3. Дауылбаев, М. Отан және Шәмші аға [Мәтін]/ М. Дауылбаев // Мектептегі
мерекелер. – 2007. – № 6. – Б. 27, 28.
4. Жаппарова, Т. Ж. Шәмші шақырады [Мәтін]/ Ж. Т. Жаппарова // Оқыту –
тәрбиелеу технологиясы. – 2009. – № 3. – Б. 57-60.
5. Жүнісова, Ғ. «Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған» [Мәтін]/ Ғайнижамал Жүнісова
// Тәрбие құралы. – 2009. – № 3. – Б. 21-23.
6. Мұсабаев, Р. ХХ ғасырдың ұлы сазгері [Мәтін]/ Р. Мұсабаев // Дала. –
2005. - № 6. – Б. 37, 38.
Мазмұны:
1. Кітапханашыларға … 2 б.
2. Ел зиялыларының Шәмші туралы ыстық лебіздері 3 б.
3. «ХХ ғасырдың ұлы сазгері» (әңгіме) 4 б.
4. «Шәмші – қазақ вальсінің патшасы» (поэзия кеші) 6 б.
5. «Ән әлемінің падишасы» (тәрбие
сағаты) 12
б.
6. Пайдаланылған әдебиеттер
15 б.
Біздің
кітапхананың мекен-жайы:
110300,
Қостанай облысы, Арқалық қаласы
Абай даңғылы,
62 үй. Тел (факс) 7-09-16
Е-mail: arkounb@
mail. ru
Құрастырушы: С.
Қ. Есмағамбетова
Компьютерлік
терілім: С. Қ. Есмағамбетова
Редактор: Қ.Б.
Бөрібаева
Шығарылымға
жауапты: И.И.Шпехт
Басылуға қол
қойылды: 2015 жыл
Таралым: 5
Басылым:
ксерокс
Көлемі: 1б.т.
Комментариев нет:
Отправить комментарий