20. 09. 2017 «Ұлы тұлға,
алтын діңгек»

Шараға қатысушы кітапхана оқырмандары қазақ қоғамының жарты ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық, ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейтін Мұхтар Әуезовтің «Жетім», «Көксерек», «Ақ қонақтары», «Қорғансыздың күні» т.б шығармаларынан үзінді оқыды. Арнайы осы әдеби қонақжайлығымызға сөзжұмбақ құрастырып, оқырмандар шешімін тапты. Кітапхананың тұрақты оқырмандары, қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері, кітапханашылары қатысты. Шара барысында кітапхана директоры Бөрібаева Қазына Байсабековна сөйлеп, «Мұхтар Әуезовті оқимыз» және жазушы туралы айтып өтіп, алғыс хаттармен марапаттады. Шара соңында қатысушылар өздерінің ой-түйіндерімен бөлісті. Іс – шараға 42 оқырман қатысып. Жаңа оқырман болып 17 бала тіркелді.
Комментариев нет:
Отправить комментарий