20 сәуірде IІІ облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқау – қазақстандық жазушылардың прозалық шығармаларынан үзіндіні
дауыстап оқу бойынша өтетін сайыс іс-шарасы. Байқау аясында қатысушыларға
олардың өздері таңдап алған, мектеп бағдарламасына енбейтін прозалық шығармадан
үзіндіні қазақ немесе орыс тілінде дауыстап оқу тапсырылды.
Байқау «Ұрпақ+» республикалық мәдени-білім жобасы шеңберінде Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілді. Байқауға қатысу
үшін таңдап алынатын шығармалар қазақстандық жазушылардың заманауи (алғаш рет
соңғы 25 жылда жарық көрген) көркем әдебиеттері болуы шарт (жасаөспірімдерге
арналған немесе балалар, жасөспірімдер әдебиеті қатарына енген шығармалар
болғаны жөн).
Байқау мақсаты мен міндеттері: жас
ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді ұялату; жасөспірімдердің қазақстандық
әдебиетке қызығушылығын арттыру; балалар арасында кітап оқуды насихаттау,
балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту, кітап оқитын балалардың беделін
арттыру; әртістік таланты бар балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз
таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру; заманауи қазақстандық авторларды
насихаттау.
Комментариев нет:
Отправить комментарий