Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

«Біз- өмірдің гүліміз»

«Біз- өмірдің гүліміз»

        «Бала – жүректің миуасы» деп қарайтын  біздің қазақ халқы балаға болашағым , деп игі  зор үміт артады.Олай болатын себебі, бала – отбасының басты қазығы, тірлік тірегі. Балалы үйдің еңсесі биік. Өйткені бала- бақыт, бала қуаныш , бала -өмірдің гүлі. Ал, болашағымызды қорғау баршамыздың міндетіміз.
     Жаздың бірінші айының бірінші күні балаларды қорғау күні.Осы мерекеге орай №2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз  өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Кітапхана басшысы Алма Жақсылыққызы балалар мен ата-аналарын құттықтады.

 Осы мерекеге арнап бар өнерлерін көрсеткен қаламыздағы «Алпамыс», «Золотой ключик» , «Раушан» , «Ақбота» балабақшасының бүлдіршіндеріне жиналған жұрт сүйсіне қол соқты. Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма? , дегендей кітапханамыздың тұрақты оқырмандары  би билеп, Мырзағалиева Гауһардың сіңілісімен қосылып айтқан әні мерекені қыздыра түсті. Осы іс-шараға белсене қатысқан балалар мақтау қағаздарымен марапатталса , осындай өнерлі де , талантты бала тәрбиелеп жүрген тәрбиешілер кітапхана басшылығының алғыс хатына ие болды.Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сәуір айында өткізілген  «Сөз құдіреті» байқауының қорытындысы нәтижесінде №6 және № 4 мектеп оқушыларына  осы мереке қарсаңында марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
  Өмірде бала күлкісіндей мөлдір, бала қуанышындай таза еш нәрсе жоқ. Ендеше өмірдің гүлі балаларымызға әр мерекеде қуаныш сыйлай білейік.







Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия