«Жас қалам – Молодое перо»
Жалпы мәлімет
Құрылған жылы: 2008 жыл
Клуб
жетекшісі: Есмағамбетова С. К.
Клубтың ұраны:
"Қаламнан күшті қару жоқ" Қабдеш Жұмаділов
Клубтың мақсаты: «Кел, балалар,
оқылық» жобасы аясында оқырмандардың кітапқа деген құштарлығын, қызығушылығын
ояту, көркем шығармаларды оқуға дағдыландыру және талғамын қалыптастыру.
Оқушылардың танымдық
қабілеттерін шыңдау, әдеби-рухани ізденістерін қолдау, дамыту, қазақ тілі мен
әдебиетін, ұлттық құндылықтарды насихаттау. Осы бағытта:
-
ғылыми-танымдық бағыттағы түрлі шаралар (көркем шығарма талқылау,
анализ, интеллектуалдық жарыс т.б. )
- шығармашылық
сипаттағы шаралар (мүшәйра, әдеби конкурс, дебаттар, көркем сөз оқу, шығарма
жазу) өткізу
-
ақын-жазушылармен кездесулер, сұқбаттар өткізу;
- тілдік
акциялар өткізу;
-
пікірталастар, әдеби туындылар бойынша әлеуметтік желідегі бейнероликтер байқауын ұйымдастыру;
- көркем
әдебиет туындыларын оқу, талқылау сағаттарын жүргізу;
- әдеби-танымдық
тақырыптағы дөңгелек үстелдер өткізу.
Клубтың міндеті: Көркемсөз оқу шеберлігін
дәріптеу, оның тәрбиелік мәнін ашу, нағыз шығармашылығы жоғары, білімді оқырмандарды табу, жас
оқырмандардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Отандық және әлемдік классиканың дарабозы атанған біртуар
тұлғаларымыздың қаламынан туған бай мұралар мен жалпы қазақ әдебиетінің, әлем
әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқуға жас оқырмандарды тарту.
Оқырман өз
саласына қатысты кітаппен ғана шектеліп қалмай, көркем шығарма оқып,
жандүниесін байытса, ұлтына пайдалы жақсы маман шығады. Әр ұлттың жазушысының
шығармасынан сол ұлттың мәдениетін, болмысын тануға болады. Мысалы, Абай мен
Әуезовтің шығармалары арқылы қазақтың, Толстой мен Достоевскийдің әдеби
дүниелері арқылы орыстың өмірін, ұлттық ерекшелігін танисыз. Сондай-ақ Драйзер,
Хемингуэй, Сервантес, Стендаль да өз шығармаларында өз халқының тағдыры мен
болмыс-бітімін, мұңы мен қасіретін көрсетеді. Оқырмандарымыз өзін-өзі танып, рухани дүниесін байыту үшін көп кітап
оқуға тиіс.
«Жас қалам» клубының жетістіктеріне тоқталсақ. 2011 жылы
Мұқатай Гүлімнің мақалалары жарыққа шықты олар «Мөлдір бұлақ» журналы мен Ұлан газетіне және жергілікті
«Арқалық хабары» мен «Торғай» газеттері. Мұқатай Гүлімге «Мөлдір бұлақ»
журналы «Ең үздік журналист» деген сертификат тапсырды.
«Жас қалам» клубы тек қана мақала жазумен ғана емес, сонымен қатар
оқушылармен бірге бірлесіп ғылыми жұмыстарменде айналсамыз. Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның оқушыларын мақтанышпен айтып кетуімізге болады. Олар Әмірәлі
Бағдат «Кенесары
Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан Торғай өңірінен шыққан батырлар» атты тақырыпта облыстан 1 орынды 2011 жылы, ал 11 «А»
сынып оқушысы Әмірәлі Архат “Сүргін
заман саңлақтары” тақырыпта 2012 жылы облыстан 2 орын, 2013 жылы республикадан
2 орынды иеленіп келді.
8 «В»
сыныбының оқушысы Қалиева Аружан «Перспективы развития гороского парка г.
Аркалыка, как места отдыха» атты ғылыми жұмысының қортындысынан 1 орын және 3
орынды 6 «А» сыныбының оқушысы Жұмабекова Гүлімнің қанжығысына байлады.
«Кітапханадағы
журналистика саңлағы» атты әңгіме – отырыс өтті. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін
шығармашылық қабілетін дамытуға, тіл байлықтарын, сөз қорларын молайтуға жағдай
жасау.
2013 жылы «Кәусар бұлақ» атты поэзия сайысы болды.
Бұл
керемет сайысқа 12 бала қатысты. Осы 12 баланың ішінен 4 оқырман жеңіске жетті.
Атап айтсақ: Жұмабекова Гүлім, Қабден Аружан, Марат Мадина, Кощанов Абай.

Жұмабекова Гүлім Облыстан II орынға ие болды.

Бас директоры Ү. Мұңалбаева. Бұл бүлдіршін баламыз «Жас
қалам» клубының ең жас мүшесі және алғашқы жазған шығармашылығы.
Жаңа
оқу жылының алғашқы айында оқырмандар үшін «Қазақтың ауызекі көсем сөзі» атты
тәжірбелік сабақ өткізілді. Журналист болудың қыр сырлары ұғындырылды. Сөз
ұғымын талқылай отырып, оқушылардың бойындағы білімділік, дарындылық, шешендік,
жауапкершілік қасиеттерді, талғам мәдениетін қалыптастыруға үйреттік.
2014 жылы ақпан айында журналистік
мамандыққа қызығушылар «Арқалық хабары» редакциясына «Редакцияға топсеруендер»
атты әңгіме отырыс болды. «Жас қалам» клубының мүшелері сұрақтар қойып, кездесу
өз деңгейіне жетті.
«Абай оқулығына» арналған өлеңдерден
сайыс өтті. Сайыс бойынша екі оқырман жүлдеге ие болды. Олар: Қабден Аружан Рамазанқызы, Жұмабекова
Гүлім Ғалымжанқызы.
Жұмабеков Гүлімнің
кітапшасының тақырыбы: «Жас арудың
жазбалары»
«Абай»,
«Арқалық!», «Ұстаз», «Әже», «Ана», «Отан», «Жаз», «Мектеп», «Күзгі жапырақ» -
Жұмабекова Гүлім т.б.
Қабден Аружанның кітапшасының тақырыбы:
«Балауса – балғын
жырлар»
«Бауырларыма»,
«Достық туралы», «Туған жерім – Арқалық», «Тіл туралы», «Отан», «Ана туралы»
т.б
№ 4 мектептің оқушысы Тұяқова Іңкәр өз жанынан
анасына арнаған «Анама» деген өлеңі газет бетеріне жарыққа шығып және мектеп
аралық көркемсөз байқауынан 1 орынды жеңіп алды.
2013 жылы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен
жасөспірімдер кітапханасының «Ежик» журналына Жұмабекова Гүлімнің өлеңдері
жарыққа шықты.
Журналистік
мамандыққа қызығушыларға оқу залында «Журналистиканың
сөйлеу мәдениеті» атты әңгіме өтті.
Клуб жоспары бойынша мамыр айында қазақ
тілінде журналист және болашақ корреспондент мамандығы жөнінде, олардың атқарар
міндеттері туралы әңгіме өткізілді.
Наурыз
айында Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында өткен «Парасат»
атты ток шоуға балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашылары
Ермағанбетова Марал мен Әлмағанбетова Әйгерім біздің «Жас қалам» мүшелерімен бірге
қатысып, кітаптың құндылығы, кітапхананың маңызы, қазіргі балалардың кітапқа
қызығушылығы мен кітапхананға келуі
жайлы ойларын ортаға салды. Оқырмандарымыз оқыған кітаптары жайлы ойларымен
бөлісіп, алған әсерлерін жеткізді. Оқырмандар кітапханашыларға алғыстарын
айтып, ыстық ықыластарын жеткізді.
Жас оқырмандарға қызмет көрсетуді ең маңызды іс деп қарап, олардың
күнделікті өсіп отырған сұраныстарының кітапхана дәрежесімен білімін үздіксіз
жетілдіріп отыруды талап етеді. Шынында да білім атты түпсіз теңізден нәр алып
келе жетқан бүгінгі жас - ертеңгі кәсіби маман болады. Жастарымыздың рухы бай,
жаны жайсан, түйсігі мол, жан - жақты азамат болып шығуына атсалысуда
кітапхананың алатын орны ерекше екені даусыз. Сондықтан барлық оқырмандарға
айтарымыз кітапханаға келіңіздер, оқыңыздар, көріңіздер, біліңіздер дегіміз
келеді.
Еліміздегі
оқуға деген жаңа қозғалыс құлшыныс құлашын кең жайып өрістеген сайын жас буынға
заман талабына сай тәрбие беру мәселесінің қажеттігі арта түседі. Өскелең
ұрпақтың талабын қанағаттандыру, Рухани байлығы мен қабілетін дамыту және
жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру – балалар әдебиеті бөлімінің алдында
тұрған міндет.
Ақын, жазушы , сатирик және Арқалық теледидарының бас редакторы Мұрат Жүнісұлымен кездесу
«Жас қалам» мүшілерінің отырысы.
«Жас қалам» мүшелері кітап апталығында өз
өнерлерін көрсетуде
Комментариев нет:
Отправить комментарий