Біздің балалар әдебиеті бөлімінде ең есте қаларлық
мерекелік іс-шара және оқырмандардың
асыға күтетін мерекесі «Балалар кітап апталығы» болып өтті. Кітап
апталығының жоспары алдын ала белгіленіп, қаламыздағы барлық мектептерге
таратылды. Мереке 09-16 наурыз аралығында екі мезгіл өткізілді.
Мерекеге дайындап безендірілген зал, қазақ және орыс тілінде жазылған - Солнечная светлость
книжной премудрости», «Қош келдіңер, балалар кітап апталығына» ұрандары
ілініп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сағат
10.00 де мереке салтанатты түрде ашылып, кітапхана басшысы Нұрманова Алма
Жақсылыққызы құттықтап балалар кітап апталығын ашып берді. Апталықтың әрбір
күні қызыққа, қуанышқа толы болды.
Кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Алдар көсе мен
Шықбермес Шығайбай» атты ертегісінен көрініс көрсетілді. Балаларға
ұлттық ойындар ойнатылып жеңімпаздар
тәттілей сыйлықтарға ие болды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий