«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы»
Арқалық қаласының №2 облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Елбасының «Рухани жаңғыру : болашаққа бағдар» мақаласына
орай, «Тәрбие мен білім» бағдарламасы бойынша
облыстық семинар аясында №6 А.Құнанбаев
атындағы орта мектеппен бірлесе «Білім
еліне саяхат» атты тәрбие сағатын өткізді. Іс- шара «Кітап – рухани жаңғыру құралы» атты көрмені
таныстырумен басталды. «Кітап – білім бұлағы» десек, білімнің қайнар көзі
кітапханада екені баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі
жоқ қару болып табылады.Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді» деген. Өткізілген іс-шара
барысында балаларға кітаптың шығу тарихынан бастап,кітаптың адам өміріндегі маңызын , кітапхананың білім ордасы екені түсіндірілді. Іс – шара соңында
қалалық білім бөлімінің әдіскері сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына алғысын
білдірді.
Комментариев нет:
Отправить комментарий