Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

Клуб "Шебер қолдар"


«Шебер қолдар» үйірмесі
Жалпы мәлімет
Құрылған жылы: 2008 жыл
Клуб жетекшісі:  Сейтқожина Г. К.
Клубтың ұраны:      
Біздің үйірменің ұраны екі тілде қазақ және орыс тілінде.
I.  «Біз сурет сала аламыз , желімдейміз , тігеміз , тоқимыз , ойнаймыз . Біз осындай баламыз!»
II.  « Мы умеем рисовать, клеить, шить, лепить, мастерить, вязать, стругать играя.  Вот компания такая !»
Үйірменің мақсаты мен міндеттері: Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа,  тиянақтылыққа тәрбиелеу
          Балалар әдебиеті бөлімінде жазғы бағдарлама «Жазғы оқу бағдарламасы» аясында «Шебер қолдар» шығармашылық шеберханасы жұмыс істейді. Мақсаты: ата-аналар мен балалардың әр түрлі жасанды заттарды ойлап тауып, құрастырып, жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақыру. Жасанды заттарды дайындағанда балалар түрлі материалдар қолданады: қағаз, қатты қағаз, табиғи материалдар, ермексаз, тұзды қамыр, сым темір және т.б.. Жас өнерлілер әртүрлі ғажайыптар жасап шығарады. Балалар әдебиеті бөлімінде шығармашылық жұмыстар жаздың соңына дейін өз жалғасын табады. Шығармашылық шеберханаға 12 бала ата-аналарымен және мүмкіндігі шектеулі балаларда тәрбиешілермен келеді. Біздің «Шебер қолдар» шығармашылық шеберханасы сізді қонаққа шақырады! Сізді көптеген қызықты жайттар мен танысулар күтіп тұр!
Қолөнер-мол өнер.Қолөнер-халық өмірімен,тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр.Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмыстық сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.    Көз қорқақ, қол батыр. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз санайды т.б. Ою-өрнек арқылы қолдың икемін, буынның әсем қимылын жаттықтырып, заттың бетіне сызу бедерлеу әдістерін қолданамын.
      Қазіргі кезде ұлттық қолөнер оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралына айналуда. Оқырмандарға қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды баулу, азамат қоғамыңда бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.
      Еліміз егемендік алғалы жас ұрпақты өз халқының өнегесіне, әдет-ғұрпына сай тәрбиелеу күн тәртібінде өзекті мәселе болуда. Ата бабаларымыздан келе жатқан ұлттық қолөнеріміз арқылы оқушыларды іскерлікке баулумен қатар ұлттық қолөнер шеберлігінің ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қайталанбас мұралары арқылы олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға болады.
            Біз жоспар бойынша жұмыс жасаймыз. Ай сайын сабақ өткіземіз ,  жылдың аяғында балалар шығармашылық күніне орай балалардың жасаған жұмыстарына қарай , марапаттаймыз.
         «Шебер қолдар – Умелые руки» атты үйірмеге мынандай балалар қатысады:
Үйірме мүшелері :
1.    Шөптібаева Аруза 3 сынып №1 мектеп
2.    Шөптібаева Аяулым 3 «Б» сынып № 4 мектеп
3.    Омарова Гүлайра 5 «А» сынып № 4 мектеп
4.    Жанбай Айдос 4 «Б» сынып № 4 мектеп
5.    Орехов артем 1 «Б» сынып гимназия
6.    Куанов Ақжол 1 «Б» сынып гимназия
7.    Чернякова Яна 2 «А» школа № 2
8.    Естанова Томирис 7 «Ә» сынып № 4
9.    Шарманова Гулдана 3 «Б» сынып бастауыш гимназия
10.                       Ауезхан Ғұмыр 3 «А» сынып №5 мектеп

Өткізілген үйірменің сабақтары:
•    «Қағаз айшықтары»: қағаздан түрлі бұйымдар жасау;
•    «Түрлі-түсті палитра» сурет салу ;
 •    Саз балшықтан бұйым жасау;
•    Қайың қабығынан әртүрлі өрім өру;
•    Қарындашпен сурет салу;
·       «Қолғап тігу техникасы» дәстүрден тыс сабақ
·       «Сәнді қалташа жасау» шеберлік сабақ
·       «Қуыршаққа қазақтың ұлттық киімін тігу» т.б.
·       «Тоқылған қалғаптар» шеберлік сабақ
·       «Ыстық елдің жануарлары» ермексаз сабағы
·       «Біздің ғажайып орман» аппликация сабағы
·       «Әшекейлі сөмкелер» аппликация сабағы
·       «Көңілді клоундар» ермексаз сабағы
·       «Кішкентай қонжық» шеберлік сабақ
·       «Мойыншақты күшік» бисер сабағы
·       «Айлакер түлкі» аппликация сабағы
·       «Жарқыраған бұтақтар» оригами сабағы т.б.
«Шебер қолдар» үйірмесінің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне, байланысты жас буын 1-4 сыныпта, орта буын 5-6 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Үйірмеге қатысатын балалар іс – шараларда өздерінің өнерлерің жақсы жағынан көрсетеді және біздің күнделік жұмысқа жоспар бойынша белсене қатысады . Әр бала өздерінің  міндеттерін толықтай біледі. 
 «Шебер қолдар» үйірмесі мүмкіндігі шектеулі балалар ермексаздан кірпінің пішінін жасауда.
                                          Ермексаздан «Көңілді клуон» жасауда

                                 «Біздің ғажайып орман» атты аппликация сабағы.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия