Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

Пейзаж «Қыс көрінісі»

                              Пейзаж  «Қыс көрінісі»

Үйірме «Шебер қолдар – Умелые ручки»

Мақсаты: жыл мезгіліне байланысты табиғат бояуларының өзгеруіне
                        оқушылардың назарын аударып, бақылау қабілеттерін
                        жетілдіру, табиғат көрінісін бейнелей отырып туған жерді
                        сүюге тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.

Түрі: сурет сабағы

Көрнекілігі: қыс көрінісі салынған суреттер, қыс көрінісіне байланысты
                            көрме  ұйымдастыру.

Құралдар: сурет дәптері, түрлі-түсті қарындаштар, өшіргіш, ұштағыш.

Кітапханашы:

Бүгінгі сабағымызда пейзаж жанрына тоқталамыз. Пейзаж дегеніміз табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарма. Пейзаж – француз сөзі, бұл қоршаған ортаны бейнелеймін деген сөз. Табиғат көрінісін бейнелейтін суретшіні  пейзажист деп атайды. Перспектива – бейнелеу өнерінде кеңістіктегі нәрсенің біздің көру нүктемізден алыстаған сайын кішіреюімен түсіндіріледі. Бұл табиғи заңдылық. Яғни, оны өзіміз күнделікті өмірде көріп жүрміз. Ал бейнелеу кезінде өте ұқыптылықты қажет етеді. Үлкен жол алыстаған сайын жіңішке сызыққа айналады. Үлкен таулардың кішірейіп салынған себебі олар алыста тұр, ал ағаш бергі жағында тұр. Орман ағаштары да бергі ағаштан кішірейіп салынған себебі алыста орналасқан. Сурет салу үш кезеңге бөлінеді.
1-кезең. Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. Көз ұшындағы көкжиекпен астасқан ормандарды сызықтармен торлап қарындашпен саламыз. Ал жолды төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Оны сызықтардың арасын алшақтату арқылы орындаймыз. Жақын тұрған ағаштың бұталары, жапырақтары көрсетілуі керек.
2-кезең.Ағаш бұталарының көлеңкелерінде кеңістікте бейнелеп көрсету керек.
3-кезең. Қалған боямаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.
Оқушылар алдарындағы сурет дәптеріне қыс көрінісін салады. Мысалы: қыс көрінісі – далада күн суық, ағаштар ақ тон киіп мүлгіп тұр. Әр ағаш өзіндік ерекшіліктерімен көзге түседі.
                        
Бір ағаштың бұтақтары нәзік болса, неді бірінің бұтағы тік, әрі жуан, ал емен ағаштарының бұтақтары қисық болып келеді.
Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды ерекше әдемі етіп көрсетеді. Күн шығып тұрғанда қардың түсі анық. Қардағы жарық түскен жерлер алтын түстес болып, түрлі-түсті реңге бөлінеді.

 - Балалар, қыс мезгілі туралы кім қандай өлеңдер, жұмбақтар дайындап келді екен?  Қане, балалар екі топқа бөлініп жарысып көрелік.

Сабақты қорытындылау.

-        Балалар, пейзаж дегеніміз не?
-        Адамның бейнесі пейзажға жата ма?
-        Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?  (графика, живопись, мүсін, сәндік
                                         қолданбалы өнер, сәулет өнері)
Жақсы, жарайсыңдар балалар! Енді үйге тапсырма өздерің тұратын қаланың қысқы келбетін, яғни өздеріңе ұнаған көріністі орындап келу.


Мадақтау, бағалау.

3 комментария:

Массовые мероприятия