Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

«Бисердан бұйымдар жасау»

«Бисердан бұйымдар жасау»

Үйірме «Шебер қолдар – Умелые ручки»

Мақсаты: оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулып, бисерден әр түрлі
                      бұйымдарды жасап үйрету, қолөнер, бисер туралы білімдерін
                      кеңейту. Оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы олардың
                      шығармашылық ой-қиялдарын дамыту, қыз балаларды өз
                      бетінше ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.

.

Түрі: шеберлік сабақ

Құралдар: түрлі-түсті бисер, ермексаз, шағын шыны ыдыс, түрлі-түсті
                        қағаз, қағаздан жасалған гүлдердің үлгісі, моншақтар, қайшы.
              

Кітапханашы: Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын алдымен сендерге
бисер, қолөнер туралы мәлімет бере кетейік.
         Қолөнер – мол өнер.
Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігімен, нәзіктігімен адамдарға қуаныш сыйлаған. Осылардың ішінде Бисер өнеріне тоқталайық.
Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды Бисер деп атайды. Сумоншақтың отаны – ежелгі Мысыр. Міне солардан «бисер» деген жаңа сөз пайда болды. Мысырдан, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Біре-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияға,Грекияға, Германияға, Испанияға, Францияға да жетті.
       Бесінші ғасырдың аяғында әйнек өнері Византияға, Венецияға ауысты.

Ал, енді балалар бисер туралы түсінік алдық, енді шеберлік сабағымызды бастайық. Үйден әкелген құралдарымызды стол үстіне шығарып, заттарымызды ыңғайлап жұмыс жасауға кіріселік. Біз бүгін балалар бисермен
әшекейлей отырып, гүл салатын құмыра жасап көрелік.
         Балалар, бисерді қандай жағдайда пайдаланамыз?
Ұсақ моншақтарды кестелеп тігіп, әсем өрнектер жасау үшін
Сақина, сырға, білезік жасау үшін
Сонымен қатар, қыз-келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, жағасын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукеле, жейде, аяқ киімдерді сәндеуге қолданылады.
Енді іске кіріселік. Шыны ыдысты алып оның сыртқы бөлігін ермексаздың
екі түрімен әдемілеп біркелкі етіп көмкеріп құмыраның формасына келтіріп
қаптаймыз. Содан соң бисердің әр түрін пайдаланып бисермен безендіреміз. Жабыстыру жұмысы біткен соң, өрнектеп әдемілейміз.Оқушылардың өз қалауы бойынша қағаздан жасалған гүлдің формасын алып, түрлі-түсті қағазды пайдалана отырып гүлдер жасап құмырамызға саламыз. Балалар өз қолымен жасаған қызғалдақтарды  құмыраларына салды.

      Шеберлік сабағының соңында қызықты жұмбақтар шешу жарысына ұласты. 

      Тап-тап, тап жорға,
       Табаны жоқ боз жорға.
       Желіп кетсе, жеткізбес
       Жерге түссе, таптырмас.    (Ине)

       Басы екеу, аяғы да екеу.      (Қайшы)

        Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтар.       (Сумоншақ)

        Тұтқасыз тобатай,
         Ұнатар көп апай.     (Оймақ)

         Тазалап ақ қағаз жүзін,
          Жоқ етер қарындаш ізін.       (Өшіргіш) 






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия