Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

Қазақ вальсінің королі Ш. Қалдаяқовқа – 85 жыл

Қазақ вальсінің королі
Ш. Қалдаяқовқа – 85 жыл

Мақсаты: Қазақстанның халық әртісі, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығынан кең мағлұмат беру. Оқушыларды өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, өнер адамдарын сыйлауға, қадір тұтуға үйрету.
Көрнекілігі: 1. Шәмші Қалдаяқовтың суреті
                      2. Сазгер туралы сөздер
                      3.  Кітап көрмесі

                      4. Бейне таспа
Құрметті кітапханашылар оқушылар!

        

        Жарты ғасырдан астам бүкіл қазақ даласын әсем әуенімен әлдилеп, ғажап әндерімен бірнеше ұрпақты тәрбиелеген қазақтың аяулы перзенті Шәмші Қалдаяқовтың биыл 85жылдық мерейтойы.

Сол күндер ғой — жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па,
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма,
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма?!
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
Шәміл-ау!
Шәмші қайда?
Шәмші қайда?
Шәмшіге айт,
Тағы да бір тандандырсын,
Жандандырсын жүректі, жандандырсын!
Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер,
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!

Ән: «Отырардағы той»
Кітапханашы: Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар.
Міне, осы көлдің жағасына 1927-жылы бір жағы жоқшылық, тағы бір жағы қыстамшылық қуған Қалдаяқ деген кедей осында мекендеп қалады. Қалдаяқтың шын аты Әнапия екен. Оның оң аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап, содан ол осылай аталып кетіпті.
Татарлардың гармонын, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың сол бір қамыс күркесінде 1930-жылы бір бала дүниеге келеді.
- Оу, Қалдаяқ,   ұлды   болдың! - деген   хабарды  алып, үйіне асыға келген әкеге жыртық шүберекке ораған нәрестені ұстата қойыпты.
Нәресте болса да, ересек адамның қарулы қолын сезе қойған бала шар етеді. Басқа балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап:
- Мен сені Шәмшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Бірақ  мына  даусың  патшаныкіне емес, әншінікіне көбірек ұқсайды екен, - депті Қалдаяқ.
- Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың емес, әннің  патшасы болса да, тақияңа тар келмес, - депті оған Құдайберген деген құрдасы.
- Айтқаның келсін. Шәмшид болсын, - депті сонда баладан басқа байлығы жоқ әрі кедей, әрі өнерпаз әке.

Ән:   «Сыр сұлуы»

Кітапханашы:

Жаралған аға еліне әсем ән үшін,
Әсем ән екен тағдырдың берген бағы шын.
Еркіндік сүйген еңселі дархан даламен,
Әніңе қостың сыңсыған Сырдың ағысын.
    (Д.Пасатбаев)
 Ән: «Жүрек сыры»
Кітапханашы:
Аты аңызға айналды Шәмші бүгін,
Тиісті еркелеуге елге дүйім.
Жүректен орын алған сазды әуенің,
Көтерер алты Алаштың көңіл күйін.
Вальстің королісіз өзі алтын,
Бағалай білген қазақ өнер парқын.
Әуеннен күмбез салған өзіңізді,
Құрметтеп тағзым етер бүкіл халқым.
                                                      (Ш.Үсеева)
Ән: «Ана туралы жыр»
Кітапханашы:
Әнің барда тірісің,
Өмір сүрдің ел үшін.
Алты алашқа белгілі,
Заңғарлардың бірісің.
                                                      (Ж.Байзақ)
Ән: «Арыс жағаснда», орындаған Сығаева Зайра
2-жүргізуші: Шәмші әндеріне басқа түгіл ағылшынның өнер кайраткері Роберт Файлер таң қалып: "Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300-ге жуық ән шығару деген — ұлы ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек", — деген екен.
Соңынан сұрақ-жауап  сайысы. 

1.  Шәмші қай жерде,қай жылы туған?
2.  Шәмшіге арнап қай ақын өлең жазған?
3.  Шәмшіні кім деп атайды?
4.  Қандай атақтары бар?
5.  Қай жылы қайтыс болды?
ІІ.Әуенді тап.
Шәмші әуендерінен музыка ойналады.
1.  «Қайықта»
2.  «Ақ бантик»
3.  «Бәрінен де сен сүлу»
4.  «Арыс жағасында»
5.   «Кешікпей келем деп ең»
6.  «Әнім сен едің»
Бекіту: (Жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар тапсырылады).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнүраны орындалады.










Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Баяндин, Қ. Ән қанатында [Мәтін]/ Қ. Баяндин // Жұлдыз. – 2005.- № 5. – Б. 74-98.
2. Бодықов, О. Шәмші Қалдаяқов [Мәтін]/ О. Бодықов // Парасат. – 1995. –  № 5. – Б. 10-11.
3. Дауылбаев, М. Отан және Шәмші аға [Мәтін]/ М. Дауылбаев // Мектептегі мерекелер. – 2007. – № 6. – Б. 27, 28.
4. Жаппарова, Т. Ж. Шәмші шақырады [Мәтін]/ Ж. Т. Жаппарова // Оқыту – тәрбиелеу технологиясы. – 2009. – № 3. – Б. 57-60.
5. Жүнісова, Ғ. «Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған» [Мәтін]/ Ғайнижамал Жүнісова // Тәрбие құралы. – 2009. – № 3. – Б. 21-23.
6. Мұсабаев, Р. ХХ ғасырдың ұлы сазгері [Мәтін]/ Р. Мұсабаев // Дала. – 2005. - № 6. – Б. 37, 38.













Құрастырған:       Альмағанбетова А.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия