Клуб "Шебер қолдар"

Клуб "Жас қалам- Молодое перо"

Блог детского отдела

Блог детского отдела

Менің балалық шағымды заң қорғайды!

Мақсаты:    Балаларға заң туралы түсінік беру. Ата  Заңымызды  құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Адам құқығын,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, алдына мақсат қоя білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  ҚР-ның Конституциясына арналған  кітап көрмесі, ұлылардан қалған асыл сөздер, безендіру, видео рөліктер, слайд шоу.
Түрі: әдеби-құқықтық турнир
Барысы: 1.Қызығушылықты арттыру.
                  2.Ұымдастыру кезеңі
                  3. ҚР-ның ән ұранын айтқызу
                   4. Тілек айту
                   5.Сергіту кезеңі
Кіріспе: Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Кітапханашы: Армысыздар Құрметті Ұстаздар мен Оқушылар! Бүгінгі Біздің Кітапханамызда өтетін 30 тамыз Конституция мерекесіне арналған « Менің балалық шағымды заң қорғайды» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Біздің ата- бабамыз жанқиярлық  пен табанды курес арқасында өзінің елін, жерін бірлік-берекесін сақтады. Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке де қол жеткізді. Еркін де ерікті ел болды.ҚР-сы Тәуелсіздікті 1991 жылы алды. 30 тамызда 1995 жылы өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз  мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталады. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздеріміз бар.
Рәміздер туралы айту: ( Ту, елтаңба, әнұран)
                    Мақтансаң мақтан елім деп,
                    Тани біл елдік таңбаңды.
                    Елтаңба, Туың, Әнұран
                    Шырқатты биік арманды.
 ҚР-ның мемлекеттік туының авторы-суретші Шәкен Ниязбеков Бірыңғай көк-көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда  әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.Күн- қозғалыс, даму, өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі.
ҚР-ның мемлекеттік герібінің негізі- шанырақ. Ол- геріптің жүрегі.Шанырақ- мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Тұлпар- ер-азаматтың сәйгүлі, желдей ескен жүйрік аты,жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. ҚР-сы мемлекеттік герібінің авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.
ҚР-ның мемлекеттің Әнұранының сөзін жазған : Жүмекен Нәжімеденов, Нұрұлтан назарбаев, әні :Шәмші Қалдаяқовтікі
Мемлекеттік рәміздеді  қастерлеу- әрбір азаматтың конституциялық міндеті. Президент жарлығы бойынша оларды ұдайы нассихаттау, азаматтар бойында Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
ҚР-ның Ән ұраны орындалады!  

1-жүргізуші: Ата Заңым –мемлекет айбыны
                        Ата заңым – ақыл ойдын айдыны
                        Туған жердің- Қазақстан елінің
                        Ата Заңмен қорғалады байлығы.

2-жүргізуші: ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев:
«Бірде-бір мемлекет Ата Заңсыз өмір сүре де, дами да алмайды.Осы жылдары барлық жетістіктерге біз мемлекетіміздің Ата Заңының арқасында қол жеткіздік. Конституциясыз даму,конституциясыз демократия құру мүмкін емес.Ата Заң- біздің азаматымыздың құқығы мен бостандығының кепілі.Барлығымыз Ата Заң бойынша өмір сүреміз. Біздің көп ұлтты халқымыздың тыныштықта, бейбітшілікте және келісімде өмір сүруі біздің- Ата заңымыздың арқасында. Ата Заң-ол біздің өміріміз!»

1-жүргізуші: Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы секілді қастерлі ұғымдарды қағаз жүзінде емес іс жүзінде көрсете алатын жәдігер.


2-жүргізуші: «Конституция» термині латын сөзінен алынған,
« constitution » ұйым, құрылым деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі түсінік бойынша Конституция- халықтың жалпы еркіндігін білдіретін, ең жоғары заңдық күші бар және әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық –саяси және рухани-адамгершіліктің маңызды ұстанымдары бекіген қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы.

1-жүргізуші:
Бала құқықтары туралы халықаралық конвенция:
•    Мемлекет
әрбір баланың ама-есен сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
•    Бала
өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
•    
Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
•    Бала мектепте кін
әлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
1.    Бала тыны
ғуға және мәдени демалуға құқылы.
•    
Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
•    Бала
өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
•    Бала денсаулы
ғын сақтауға, емделуге құқылы.
•    Бала
өз ойын еркін айтуға құқылы.

 2-жүргізуші:  Өмірден әділдік пен бақ табатын,
                          Құқығым қорғалды деп шаттанатын
                          Өзіндей жас өркендер келеді өсіп,
                          «Бұл біздің- Ата Заң» деп мақтанатын!

                          Өркендеп өз қолына алған ісін,
                          Биікке қазағымның самға құсы!
                          Халық болып қадір тұтып қастерлеген
                          Ата Заң – Азат елдің ар-намысы!
      
          Би «Әке толғауы»
                        (Оқушыларға сұрақ- жауап )
1-жүргізуші: 1. 30 тамыз қандай күн?
                                                                  ( конституция)
                        2. Конституция кай жылы қабылданды?
                                                                              ( 1995 жылы)
                        3.ҚР-ның рәміздерін ата?
                                                                 (ту, елтаңба, әнұран)
                         4.ҚР-ның президенті кім?
                                                                 (Н. Ә.Назарбаев)
                        
                         5.Әнұранның авторы кім?
                                                                       (Н.Ә.Назарбаев,  
                                                                       Ж.Нәжімеденов,
                                                                       Ш. Қалдаяқов.)
                          6.Елтаңбаның авторы кім?
                                                                       (Ж. Мәлібеков,
                                                                        Ш. Уалиханов )
                           7.Тудың авторы кім?
                                                 ( Шәкен Ниязбеков)
                           8.Оқушы неге құқылы?
                                                                    (Оқушы білім алуға,
                                                                     емделуге, демалуға,
                                                        әр түрлі үйірмелерге қатысуға)





Ән: «Көк тудың желбірегені»

1-жүргізуші:
 Осымен біздің мерекемізде өз аяғына жетті, Келесі кездескенше Қош сау болыңыздар!

2-жүргізуші:  Сау –саламатта болыңыздар!



   Қорытынды: Балалар бүгінгі Біздің Кітапханамыздағы 30 тамыз Конституция күніне арналған «Менің балалық шағымды заң қорғайды» атты  іс-шарамызды қортындылай келе Сіздердің бойларыңызға Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершіліктеріңіздің мол екендігін көрсету арқылы, парасатты тұлғаны тәрбиелеуге,өз құқықтарыңызды қорғай білетін, білім мен біліктіліктеріңіздің жоғары, талап талғамыдарыңыздың  терең,азаматтық құқықтар мен бостандықтар туралы білімдеріңізді қалыптастыруға көп көмегін тигізді деген ойдамыз.






                                                 Хаттама
Тақырыбы: «Менің балалық шағымды Заң қорғайды»
Мақсаты: Балаларға заң туралы түсінік беру. Ата  Заңымызды  құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Адам құқығын,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, алдына мақсат қоя білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Түрі: әдеби-құқықтық турнир
Көрнекілігі:  ҚР-ның Конституциясына арналған  кітап көрмесі, ұлылардан қалған асыл сөздер, безендірі, видео рөліктер, слайд шоу.
Қатынасқандар:  Халықты әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінен келген балалар
Жүргізілген уақыты:                                                                                    28 тамыз. 2015 ж. сағ: 15. 00.


Пікір: Оқырмандарға Ата заңымыз жайлы толықтай түсінік беріліп, бала құқықтары жайлы ақпарат беріліп,болашаққа деген көз қарастарын кеңейтіп, өз құқықтарын қорғай білуге уйретіп, сұрақ-жауап арқылы талқыланды. Сабақ  барысы өте қызықты өтті. Сабақ мақсатына жетті.






                        Пайдаланылған әдебиеттер:

1/ Байкенова Ш. Мен – Қазақстан азаматымын[Мәтін] : іс – шара /Ш.Байкенова.  – Алматы: «Балалар әдебиеті» басп. – 2011. – Б. 112
2/  Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан[Мәтін] : іс – шара /О.Жанайдаров.  – Алматы: «Балауса басп». – 2003 . – Б. 160.
























Комментариев нет:

Отправить комментарий

Массовые мероприятия