«Ұлттық
киімдерге бейнеленетін ою - өрнектер»
Шебер қолдар – Умелые ручки.
Мақсаты: оқушыларды қазақ халқының
ұлттық киімдерімен, ою-өрнектің
негізгі
түрлерімен таныстыру, жас ұрпақты ежелден келе жатқан
қолөнер
түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың
өздігінен
ізденіп жұмыстар жүргізуіне, шеберлік деңгейін
арттырып
ынта-ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты
көріп-білуге үйрету.
Түрі: дәстүрлі сабақ
Көрнекілігі: қолөнер бұйымдары,
ою-өрнектерге арналған кітаптар, қағаз,
қалам,
қарындаш, түрлі-түсті бояулар, сызғыш,
Кітапханашы: а) Балалар, мына
суреттерден не көріп тұрсыңдар?
(Ұлттық киімдер)
б)Ұлттық киімдерде не бейнеленген?
(Ою-өрнектер)
-
Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Ұлттық киімдерде
әшекейленетін ою-өрнектер»... Қазақтың ұлттық киімдері – қазақ халқының
қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып біте қайнасып келе жатқан бай қазына.
Қол өнердің басты бір саласы – киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін
өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі
әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық
киімдері әлі де аз емес. Оларды үлкен аталарымыз бен әжелеріміз күнделікті
уақытта киіп жүрсе, енді біреулері қыз ұзату, келін түсіру, тойларда
ойын-сауыққа пайдаланылған. Мысалы: Қалыңдыққа сәукеле кигізу.
Айыр қалпақ
– ер
адамдардың киізден тігілген, жеңіл бас киімі. Ол жұқа етіп ақ киізден тігіледі.
Ол әрі жеңіл, сәнді болады.
Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі.
Тақияның түрлері көп. Олар: биік төбелі, тегіс және үшкір төбелі. Тақияның
астарын жібек сәтеннен тігеді.
Шапан – жүннен, мақтадан
тігіледі. Шапандар үш түрге бөлінеді. Олар:
сырмалы, қаптал, қималы шапандар.
Мәсі – аяқ киімнің бір түрі
оны былғарыдан тігеді. Ол әрі жеңіл, жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе таза жүруге
аса қолайлы.
Саптама
етік –
ішіне киізден астар салып былғарыдан тігілген жылы аяқ киім. Қыс бойы
малшыларға, аңшыларға қолайлы.
Тон – қазақтың ұлттық киімдерінің
бірі. Қойдың, ешкінің, құлынның терісінен тігеді. Тонның 2 түрі бар. Олар тік тон, бүрме тон.
Жаулық - әйел адамның бас киімі. Оны ақ
матадан тігеді. Жаулықты, кимешекті қазіргі уақытта әжелеріміз тартады.
Қамзол - әйел адамдардың киімінің бір
түрі, оны көйлектің сыртынан киеді. Ол барқыт, мақпал сияқты қымбат мата
түрінен тігіледі.
Сәукеле - әйел адамның бас киімі. Оны
ұзатылған қыздарға кигізген. Сәукеленің ең сыртынан шашаұты, інжу- маржандармен
әшекейлеген.
Ою-өрнектер жеті топқа бөлінеді. Олар: 1.
Ай,күн, жұлдыздарға байланысты өрнектер; 2. Малға, аңға байланысты өрнектер; 3.
Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер; 4. Құстарға байланысты өрнектер; 5.
Өсімдік, гүл, жапырақтарға байланысты өрнектер; 6. Қару-құралдарға байланысты
өрнектер; 7. Геометриялық денелерге байланысты өрнектер.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
а) Бүгін қандай тақырыпты өттік?
ә) Қазақтың ұлттық киімдерін атаңдар.
б) Оларда қандай ою-өрнектер қолданылады?
в) Ою-өрнек дегеніміз не?
г) Ою- өрнектер неше топқа бөлінеді?
Балалар,
құралдарымызды стол үстіне шығарамыз да рет-ретімен қойамыз. Сурет дәптерлеріңе
1-топ әйел адамның қамзолын, 2-топ ер адамның шапанын саламыз да әркім өз
шамасына қарай ою-өрнекпен безендіреміз.
Тапсырма: ұлттық киімдерге
бейнеленетін ою-өрнектер жайлы жұмысымызды үйден аяқтап, қазақтың ұлттық
киімдері туралы мақал-мәтелдер жазып келеміз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий