
Міндеті: Елімізге еңсе
тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш
баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту, үлгі алу.
Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолынан мағлұматтар алу.
Көрнекіліктер: Н.Ә.
Назарбаевтың әр кезде түскен фото суреттері, кітаптары, сөздер жазылған
парақтар, слайдтар.
Барысы:
I. Ұйымдастыру. Қонақпен амандасу
II. Әнұран орындалады.
III. Кітапханашының сұрақтары.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
«Біздің ұлт көшбасшымыз» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.Қазақстан
Республикасының әнұраны орындалады.
1-жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
2-жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
Осы мерекемізге арналған биімізді тамашалаңыздар.
«Қосалқа»
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Барша Қазақстан
халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды.
2-жүргізуші: Неліктен
Тұңғыш Президент күні мерекесі
1-желтоқсанда аталып отыр?
1-жүргізуші: Өйткені 1991
жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
2-жүргізуші: Ал біз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білеміз?
1-жүргізуші: Ендеше осы
жайлы білу үшін экранға назар аударайық.( Осы кезде экранда слайд көрсетіледі)
Балалық шағы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940
жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында өмірге
келген. Атасының есімі Назарбай, әкесінің есімі - Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді
әжесі Мырзабала беріпті. Анасының есімі Әлжан. Нұрсұлтан бес жасқа толғанда
Жамбыл атаның ақбатасын алған екен ол Қаскелен қаласындағы Абай орта мектебін
бітірген. Мектепте озат үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында
темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты
жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991
жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш президенті болып сайланды.
Қазақстан президенті Н.Ә Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде
«Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының
арқасында жетті.
2-жүргізуші: Қазақстан
Республикасының тұңғыш көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты
тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу
мүмкін емес еді.
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Әріптесіміз
Мырзағалиева Нұрсаяның орындауында ән:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
2-жүргізуші:
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген,
Намысын ешкімге қолыныа бермеген.
Тұс-тұстан анталап, көз сүзген жаулардан,
Кең-байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін
ұрпақ екенімізді
сезінеміз
Жас азамат, бұл Отанның қадірін,
Отансыз боп көрген біздер білеміз!
Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,
Бәріне де белді бекм буғанбыз.
Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,
Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!
Ән: «Көк тудың
желбірегені.»
1-жүргізуші: Сұрақтар:
Жарыс: 3 қатар
жарысады.
I қатар:
1. Н. Назарбаев қай әннің сөзінің авторы? («Әнұранымыздың», «Елім менің»,
«Үш қоңыр» әндерінің сөзін жазған).
2. Президенттің
жарының аты кім? (Сара)
3. Тұңғыш президентіміздің әкесінің аты кім? (әкесі -Әбіш, анасы -Әлжан)
II қатар:
1. Президент сөзі қазақша қалай? (Елбасы)
2. Елбасының арқасында неге қол жеткіздік? (Тәуелсіздікке)
3. Ел басы қай кезде дүниеге келген ? (6 шілде 1940 жыл)
III қатар:
1.Елбасының арқасында қай қала дүниеге келді? (Астана)
2.Туған жері қалай деп аталады? (Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған
ауылында дүниеге келген)
3. Қай жылы Президент болып сайланды ? (1991)
2-жүргізуші:
Балалар Елбасымыздың арқасында қандай жетістіктерге жеттік?
-Тәуелсіздігімізді алдық;
- Қазақстанның рәміздері: ту,
елтаңба, әнұранымыз бекітілді;
- Өзіміздің заңымыз
«Конституция» қабылданды;
- Жаңа қала Астана бой көтерді;
- Тіліміз, дініміз, ұлттық
салт-дәстүріміз қайта оралды;
- Қазақстанды бүкіл әлем
таныды;
- Ехро – 2017 – ні жеңіп алды;
Ол дүние жүзі қатысатын, ең жоғары деңгейдегі көрме. Ол көрменің деңгейі –
олимпиада ойындарымен пара-пар. Елімізге бүкіл шет мемлекеттерден 5 млн. адам
келеді, демек, Қазақстанды бүкіл әлем танитын болады.
1-жүргізуші:
Балалар елбасы тек елді ғана басқарып
қойған жоқ, сонымен бірге қаншама кітаптар жазды, әндер жазды.
Елбасымыздың үлгі алар жақсы
қасиеттері қандай?
1Ұлтжанды;
2.Елін, жерін сүйетін патриот;
3.Жан-жақты;
4.Спортшы.
5.Мықты саясаткер.
6.Парасатты.
7.Сыпайы;
8.Қабілетті.
9.Мәдениетті
10.Болашаққа жол бастаушы.
Іс-шарамыздың соңынада келіп
қалдық, еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын!
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби, үлкен-кіші, кәрімізге.
Сіз-басшы, халқың – қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де, -дей келе «Біздің Ұлт
көщбасшымыз» атты іс-шарамызды «Атамекен әнімен аяқтаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сагинбаева, К. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы! [Мәтін] / К. Сагинбаева
//
Тәрбие сағаты. -2014. - №5. – Б.
7-8
2. Ғабдолова, З. Елін сүйген – Елбасы! [Мәтін] / З. Ғабдолова //
Тәрбие сағаты. -2014. - №3. – Б.
3-4
3. Оразбаева, Р. 1-желтоқсан – «Тұңғыш Президент» күні [Мәтін] /
Р. Оразбаева // Мектептегі
мерекелер. -2014. - №12. –Б. 3-4
4. Абитжанова, Л. Президенттілік – мемлекет болғанның белгісі [Мәтін] /
Л. Абитжанова // Мектептегі
мерекелер. -
Құрастырған: Абжанова Жұлдыз
Қасымбекқызы
Комментариев нет:
Отправить комментарий